$ 494.87  520.65  4.91

Орал өсіп жатыр

Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласының 2030 жылға дейінгі жаңа даму жоспары Үкімет қаулысымен бекітілді. Жақында Оралда өткен брифингте шаһардың бас жоспары таныс-тырылды.

Қала әкімінің орынбасары Ғалым Орынғалиевтың айтуынша, жаңа жоспар облыс орталығының даму жоспарына сәйкес оның ресурстық әлеуеті мен әлеуметтік инфрақұрылымдар жүйесі және транспорттық-экономикалық байланыс жүйесіндегі орналасуын есепке ала отырып жасалған. Шаған өзенінің Жайық өзеніне құяр тұсынан бастау алған Орал қаласы бүгінде қанатын кеңге жайып, солтүстік және солтүстік-шығысқа қарай қарқындап өсе түскен. Қаланың осы аумағына көп қабатты үйлер мен ірі сауда орталықтары, кешенді спорт нысандары көптеп бой көтеруде. Қала аумағы Шаған өзенінің арғы бетіне созыла түсіп, өзеннің оң жақ жағалауы тұрғын үй құрылысына толған. Орал қаласының қазіргі аумағы 20983 гектарды құрайды және оның 282 мың халқы бар. Облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескерсек, 2030 жылға қарай қала халқының саны 350 мың адамға жетуі тиіс. Жалпы, Орал қаласы дамуының тұжырымдамасына сәйкес 2040 жылдары қала халқының саны 400-450 мыңға жетеді деп болжанған. Осындай алдын-ала жүргізілген есептеулерге сәйкес жаңа жоспар бойынша қала аумағы 4767 гектарға ұлғайып, 2030 жылға дейін оның көлемі 25750 гектарды құрамақ. Бас жоспар бойынша қала батыс, оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бағытында өседі. Өйткені қаланың бұл бөлігі құрылыс жұмысын жүргізуге ыңғайлы. Кәсіпкерлік нысандардың ескілері қайта құрылымдалып, жаңаларына жер телімдері бөлінбек. Шаһардың ескі бөлігіндегі әбден тозығы жеткен үйлер бұзылып, оның орнына жаңасы салынады деп жоспарланған. Құрылыс жұмыстары мемлекет-жеке сектор серіктестігі арқылы жүзеге аспақшы. Сондай-ақ қанатын кеңге жайған қала ішінде орташа және шағын айналма, сондай-ақ қаланың сыртқы айналма жолдары салынбақ. Жүк автокөліктерінің транзиттік қозғалысына арналған қала сыртындағы айналма жолдардың ұзындығы 67 шақырымға созылады. Бас жоспарда е бес көпір құрылысын жүргізу жоспарланған. Бірінші кезекте Шаған өзені арқылы өтетін көпір, содан кейін Орал өзені арқылы өтетін көпір құрылысы жүргізілмек. Қала халқының саны өсуіне байланысты су мен жылуға, электр қуатына сұраныстың арта түспек. Ғалым Ғұбашұлының айтуынша, Орал жылу қуат орталығын толықтай жаңғыртып, жаңа шағын аудандарда қосымша газтурбиналық электр стансаларының құрылысын жүргізу жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары