Бiздiң елiмiзде 1 млн. 200 мыңнан астам кәсiпорын мен жеке кәсiпкер жұмыс iстейдi. Шағын және орта бизнес саласында 3 млн.-ға жуық адам еңбектенуде. Республиканың әлеуметтiк жағдайы олардың жұмысына тәуелдi. Отандық нарықтық экономиканың негiзiн құрайтын кәсiпкерлiктi дамыту – Қазақстанның стратегиялық басымдығы.
Ел экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесi 2050 жылы 50 пайызға жетуi тиiс. Алға қойған бұл мiндетке қол жеткiзу бизнес орта мен мемлекет күшiн бiрiктiрген кезде ғана мүмкiн болады. Теңдессіз жағдайлар жасалды және бүгiнгi нарықтық жағдайда маңызы артып келе жатқан жеке кәсiпкерлiктiң бастамаларын қолдауды қолға алу қажеттiлiгi туындады. Бұл ретте Ұлттық кәсiпкерлер палатасы маңызды рөл атқаруы тиiс. Ол өткен жылдың iшiнде өзiн тұрақты тәуелсiз институт ретiнде көрсеттi және бизнес қауымдастық мүддесiн қорғауда қыруар жұмыстар атқарды. Бүгiнгi күнi әлемдiк экономикада iшкi нарыққа әсер ететiн күрделi мәселелерге тап болып отырмыз. Бұл бiр жағынан жаңа мүмкiндiктердi де туындатады. Кәсiпкерлер палатасы елдегi кәсiпкерлiктi одан әрі дамытуға бағытталған тиiмдi шараларды жасау үдерiсiне белсендi түрде араласуда. Бұл өзара қарым-қатынас әлеуетi кез келген қиындықтарды бастан өткеруге мүмкiндiк бередi. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – бизнес пен биліктің тиімді әріптестігі негізінде кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру мақсатында Үкімет және «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП бірлескен шешімімен 2013 жылдың 9 қыркүйегінде құрылған өзін-өзі басқаратын коммерциялық емес ұйым. Оның негізгі қызметтері – кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және мүдделеріне өкілдік ету, кәсіпкерлік белсенділігінің, өңірлердегі кәсіпкерлік қызмет жағдайының қоғамдық мониторингін жүргізу, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламаларына қатысу, отандық өндірісті қолдау және ұйымдардың сатып алуларында жергілікті мазмұндағы үлесті арттыру, техникалық және кәсіби білім беруді дамыту және кадрларды дайындау, қайта дайындау, біліктілікті арттыру, сертификаттау және аттестаттау, кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін ынталандыру, инвестицияларды тарту және экономиканы әртараптандыру болып табылады. Сонымен бірге, Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының 2015- 2019 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында ҰКП-ның тиісті стратегиялық құжаттар мен даму жоспарларын талқылау мен әзірлеуде маңызды рөлі белгіленген. Съезде белгілі болғанындай, ел Үкiметi Ұлттық кәсiпкерлер палатасының барлық ұсыныстарын ескере отырып, 2015 жылға арналған өнеркәсiптiк мекемелердi қолдаудың iс-шаралар жоспарын әзiрледi. Атқарылатын iс-шаралардың басым бөлiгi қазақстандық мекемелердi тiкелей қолдауға бағытталған. Олардың iшiнде темiр жол саласы қызметтерi мен электр
энергиясы тарифiн сақтау және төмендету, сондай-ақ мемлекеттiк келiсiмшарттар және қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету арқылы өндiрiс көлемiн сақтау сынды тетiктер қарастырылып отыр. Кәсіпкерлер палатасы ұсынысымен тапсырыстарды қамтамасыз ету орталығын құру мүмкiндiгi мен «Индустриалды сертификат» институтын енгiзу, валюталық түсiмi жоқ өндiрушiлердiң ақшалай займдарын конвертациялау, темiр жол жүйелерi қызметтерi тарифтерiн өзгерту, сонымен қатар электр энергиясы мен тауарлы газ құнына iрi бизнес субъектiлерiнiң көзқарасы қамтылған мәселелер де пысықталды. Сонымен қатар ҰКП мемлекеттiк органдар мен ұлттық компаниялардың сатып алу үрдiсiне отандық кәсiпорындардың қатысуын кеңейтуге бағытталған шаралар жоспарын әзiрледi. Жедел iс шара ретiнде кейбiр заңнамалық актiлерге өзгерiстер енгiзу ұсынылды. Өзгертулерге СТ-KZ сертификатын беру үрдiсiн жетiлдiру, тапсырыс берушi мен отандық өндiрушi арасында тiкелей келiссөздер жүргiзу бағытында контрактiлi комиссиялар құру ұсынылды. Бұдан бөлек, ҰКП сатып алу шарасында отандық кәсiпкерлердiң қатысуына кереғар келетiн тетiктердi жоюға бағытталған жүйелi шаралар кешенiн дайындады. Сондай-ақ Ұлттық палатада мемлекеттiк сатып алу шараларына қатысты барлық ақпаратты жинақтап, сараптап отыратын «Нарықты сараптау және мониторинг орталығы» сараптамалық порталы құрылды. Ел кәсіпкерлерінің басқосуы барысында палата атауы өзгертiлдi. Делегация мүшелерiнiң дауыс беруiмен палата атауы бiрауыздан «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасы деп аталатын болды. Ұлттық кәсiпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевтың атап өткеніндей, өз кезiнде «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасы Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған және бүгiнгi палатаның iргетасы сол болды. 2014 жылы кәсiпкерлердiң ықпалдасуы, олардың заңды құқықтарын қорғау саласында атқарған қыруар жұмысы «Атамекен» ҰЭП салған жолдың негiзiнде ғана мүмкiн болып отыр.