$ 498.34  519.72  4.85

Асқар Мамин Алматының туристік мүмкіндіктерімен танысты

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Алматыға барған жұмыс сапарында өңірде туризмді дамыту мәселелері туралы жиналыс өткізді, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының хатшылығы.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы туризмді дамытуға ерекше назар аударады. Өзінің жыл сайынғы Жолдауында Елбасы ішкі және сыртқы туризмді дамытуды өңірлердегі экономикалық даму мен жұмыс орындарын құрудың негізі деп көрсеткен болатын», - деп атап өтті А.Мамин.

Оның айтуынша, Алматы мен Алматы облысы өзінің географиялық, тарихи және табиғи ерекшеліктерінің арқасында Қазақстандағы туризмді дамытудың үлкен әлеуетіне ие.

Жиналыста сөз сөйлеген Алматы әкімі Бауыржан Байбек Елбасының тапсырмасына сәйкес, мегаполисте туризмді экономиканың жаңа драйвері ретінде дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Қаланың «Туризмді дамытуға 100 қадам» жоспары құрылған, Алматы экономикасының 87% қызмет көрсету саласы құрайды, Қазақстанның әрбір екінші шетелдік қонағы Алматыға келеді.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 2018 жылдың соңына дейін Астана мен Алматы арқылы ұшатын Қытай мен Үндістан азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз транзит іске қосылады. Жақын арада олар үшін электронды виза пилоттық режімде енгізіледі. Сондай-ақ, Алматы облысында ірі инвестициялық жобалар басталады: Медеу, Шымбұлақ, Ақбұлақ, Табаған базаларын жақсарту, тақырыптық парктерді салу, Үлкен Алматы арнасы жанында туристік-спорттық аймақ тұрғызу жұмыстары жүргізіледі.

А.Мамин Алматы мен Алматы облысының әкімдіктеріне және мүдделі мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары