Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметовтың бастамасымен өңірде алғаш рет Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылған болатын. Осы орталықтың негізінде «бір терезе» қағидасы бойынша Кәсіпкерлік мектебі жұмыс жүргізіп, бүгінде өз жемісін беруде.
Аталған мектепте 17557 азамат оқудан өтіп, сертификатқа ие болса, оның 20 пайызы өз ісін бастап, кәсібін дөңгелетіп отыр. Бұл туралы «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте Кәсіпкерлік мектебінің директоры Б.Дүйсебеков мәлімдеді.
Оның айтуынша бәсекеге қабілетті елде мұндай көрсеткішке қол жеткізу үлкен жетістік. Кәсіпкерлік мектебінде оқыту үш бағдарлама аясында жүргізіледі. Атап айтқанда жастарға арналған «Өркен» бағдарламасы – өз ісін ашамын деген 18-29 жас аралығындағы жастарға арналған. Екіншісі «Сәтті бастама» деп аталады. Бұл бастауыш кәсіпкерлер үшін лайықталған, оның ішінде өз бетінше қамтылғандар мен жеке тұлғаларға бағытталған. Ал «Өрлеу» бағдарламасына шағын және орта бизнес субъектілерінің басшылары мен қызметкерлері, белсенді кәсіпкерлер және шаруалар қатыса алады. Мұнда жекелеген кәсіпкерлер үшін қысқа мерзімді тақырыптық тренингтер, семинарлар, тәжірибелік-үлгілік мастер-класстар өткізіліп отырады.
Жастарға арналған «Өркен» бағдарламасы бойынша 3248 жас, бастауыш кәсіпкерлерге арналған «Сәтті бастама» бағдарламасы аясында 12695 адам, ал әрекеттегі кәсіпкерлерге арналған «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 1614 адам оқуды нәтижелі аяқтаса, 5355 азамат «Кәсіпкерлік негіздері» курсынан кейін тәжірибелік шеберлік сабақтарынан өткен.
Жұмыс нәтижесі бойынша екі мыңнан астам жоба қаржыландырылып, 1208 адам оқытудан соң өз бизнесін ашқан.
Жалпы мемлекеттің орта және шағын бизнесті дамытуға аса құлықты. Соның арқасында елімізде кәсіппен айналысам деген азаматтардың саны күннен күнге артып келеді.
Жеке кәсіпкерлікті қолдау саласындағы Қазақстан Рспубликасының мемлекеттік саясаты жоғары қосымша құны бар жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құруға ұмтылған шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы орта классты қалыптастыруға бағытталған.
Қойылған мақсатты орындау үшін Қазақстан Республикасының индустриалды- инновациялық даму страегиясын жүзеге асырудың бір кезеңі ретінде кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту көзделген.
Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылым құрамында жеке кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызатын бір топ мекеме бар.
Қазақстандағы осындай мекемелер қатарына :
Функционалды бағытына қарай инфрақұрылымның институттық құрылымы былай анықталады :
Ұйымдастыру және функционалдық құрылымдарды салыстыра отырып біз инфрақұрылым институттарының Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту процессіне қатысу матрицасын құрастыра аламыз.
Әрбір кәсіпкерлікті дамытуға жәрдем беретін мекемелердің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Олардың барлығы әр түрлі факторларға байланысты. Кәсіпкерлерге тиісті шешімдер қабылданған кезде кейбір мекемелер әлеуметтік мақсаттарға аса назар аударады, ал басқалардың басшылары бәлкім жеке басының қамын ойлайды.
Мемелекеттің қолдауымен құрылған мемлекеттік органдар мен мекемелер
Қазақстан Респуликасының Индустрия және Сауда Министрлігі - жеке кәсіпкерлікті дамытуға және тиісті саясатты жүргізуге жауапты жоғарғы мемлекеттік орган. Министрлік орталық атқарушы органдарына тиісті және ел Президенті мен Үкімет алдында есеп береді.
ИжСМ құрамына кіретін Кәсіпкерлікті дамыту Департаменті кәсіпкерлікті қолдау және дамытудағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы нормативті-құқықтық реттеу функциясын атқарады.
Департамент қызметін реттейтін негізгі құжаттарда оның негізгі мақсаттары былай белгіленген:
Жоғарыда айтылған функцияларға қоса Департамент кәсіпкерлікті дамытуға кедергі болатын кейбір шенеуниктердің заңға қайшы әрекеттеріне қатысты түскен арыз бен өтініштерді қарастырып, және сол арыз бойынша қажетті шаралардың орындалуын қадағалауға міндетті
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік құрылымның келесі деңгейі - ол жергілікті атқару органдары – яғни,облыстық және Алматы мен Астана қалалары Әкімдерінің аппараттары. Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін Әкімшіліктердің жанынан Кәсіпкерлік пен Өндіріс жөніндегі Департамент (Басқармалар) құрылған. Олардың құрамына Кәсіпкерлік жөніндегі бөлімшелер кіреді. (2005 ж. 1 қаңтарынан бастап ҚР үкіметінің 2004 ж. 4 қазанындағы № 1022 қаулысымен жергілікті мемлекеттік басқарудың барлық орагандарының типтік құрылымы енгізілген).
Облыстық Кәсіпкерлік пен Өндіріс жөніндегі Департамент (сол сияқты Алматы мен Астананың қалалық Департаменттері) өз құзыры аясындашағын және орташа кәсіпкерлікті қолдауға уәкілетті.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін Департаментке мемлекеттік саясатты жүргізуге тиісті мынадай функциялар мен құқықтар берілген:
Кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың соңғы буыны болып жергілікті атқару органдары – яғни, облыстық және Алматы мен Астана қалалары Әкімдерінің аппараттары табылады. Солардың құрамына кіретін Экономика және бюджеттік жоспарлау немесе Экономика және қаржы жөніндегі бөлімдер кәсіпкерліке тиісті мәселелермен шұғылдану керек. Аймақтық атқарушы органдарға қабылданған мемлекеттiк саясаттың тiкелей iске асырылуы және жергiлiктi бюджеттер бойынша жоспарлалған және қаржыландырылатын шаралар мен бағдарламалардың жүзеге асыруға тиісті функциялар тапсырылады. Сонымен, атқарушы мемлекеттiк органдар мемлекет пен кәсiпкерлiктiң арақатынас идеологиясын құрудағы негізгі буын болып табылады.
Мемлекет қазіргі кезде шағын және орта бизнес заманның талаптарына сай өзіне тән икемділігін, ұтқырлығы мен нарықтық объективтілігін инновациялық экономикадағы өз орнын табуға жұмсауы керектігін түсінеді. Кәсіпкерлердің бастамаларын жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасау және Президент қойған мақсаттарды іске асыру мақсатында Үкімет жергілікті органдарда әкім аппаратының жанынан Кәсіпкерлер істері жөніндегі Комиссия құру арқылы кәсіпкерлермен «кері байланыс» ұйымдастыру схемасын іске асырды. Комиссия құзырында:
Әрбір кәсіпкер кәсіпкерлік жөніндегі комиссияға хабарласа алады, ол үшін өз облысында орналасқан кез келген қоғамдық ұйым немесе заңды тұлғалар ұйымына келсе болғаны. Әдетте комиссияда бірнеше облыстық ассоциация немесе бірлестіктердің өз орындары болады.
Кәсіпкерлермен осындай «кері байланыс» ұйымдастыру үшін орталық атқарушы органдар деңгейінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі құрылған. Кеңестің негізгі мақсаттары мынадай:
Президент жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырып, оны жүзеге асыру мен қатар мемлекет жағынан кәсіпкерлікті қаржылай, ақпараттық-талдау және матриалдық-техникалық жағынан қолдау функциясын атқарады. Мемлекет аталған қолдаудың барлық түрін атқарушы органдар арқылы, көптеген жергілікті және аймақтық деңгейде қабылданған бағдарламалар арқылы, және соған лайықтап мемлекеттік капиталы қатысуымен арнайы құрылған мекемелер арқылы жүзеге асырады. Жоғарыда аталған міндеттерді атқаратын мекемелер қатарына кіретіндер:
«Инжиниринг және технологиялардың трансферті орталығы» АҚ. Орталықтың негізгі мақсаты Қазақстан экономикасының нақты сектор салаларының жаңа технологиялар трансферті және республикадағы инновациялық іс-әрекетті белсендіру арқылы бәсекеге жарамдылығын арттыру болып табылады ;
"Kaznex" экспортты дамыту және ілгерілеті к орпорациясы» АҚ - үкiметке мемлекеттiк саясатты, соның iшiнде кәсiпкерлiктi дамытуға қатысты, құру саласында ақпараттық-талдау жағынан қолдау көрсетеді ,;
«Даму» Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ - қаржылық, консалтингтік қызметтерді ұсыну интеграторы және операторы рөлінде ШОБ-ң, сонымен бірге Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының сапалы дамуына жәрдемдеседі;
«Ұлттық инновациялық қоры» АҚ - кәсіпкерлік бастамаларға инвестицияларды тарту және жобаларды қаржылау арқылы қаржылай қолдау көрсетеді ;
«Қазақстанның инвестициялық қоры» - жаңа және алдыңғы қатарлы технологияларды қолданып, шикізат пен материалдарды тереңдетіп қайта өңдейтін кәсіпорындардың жарғылық капиталына инвестиция құю арқылы қаржылай қолдау көрсету;
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ - қаржылық қолдау көрсетеді;
Технопарктер, бизнес-инкубаторлар, өндірістік аймақтар – қалыптасу және даму кезеңіндегі кәсіпкерлікті материалды-техникалық жағынан қолдау;