$ 444.22  476.38  4.82

Маңғыстауда табиғи газ өндірісі артты

Бұл жайында бүгін облыстық Қаржы және бюджетті жоспарлау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

"2015 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында өңірде 647,8 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлердегі өндіріс жалпы өнімнің 72,1 пайызын (578,4 млрд теңге) құрайды" делінген басқарма өкілдері таратқан хабарламада.

Мұнай өндірісінде былтырғы жылмен салыстырғанда 1,3 пайыздық өсім байқалған.

"Табиғи газ өндірісі 14,4 пайызға ұлғайып, 980,2 млн текше метрді құрады. Әлемде мұнай бағасының арзандауына байланысты мұнай-газ саласындағы техникалық қызмет көрсету (бұрғылау, ұңғымаларды күрделі жөндеуден өткізу) үлесі 14,5 пайызға төмендеген.

Мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарға қолдау көрсету мақсатында облыстық әкімдік тарапынан мұнай компанияларына салынатын салық көлемін төмендету ұсынылды.

Қазақстанның газ өнеркәсібінің дамуы жақында ғана, өткен ғасырдың 70-жылдары дами бастады десе болады. 1981 жылғы «Қазақ Совет энциклопедиясында» былай делінген:

табиғи газдың көптеген өнеркәсіптік қорының болуы, оны пайдаланудың жоғары тиімділігі мен салыстырма түрдегі төмен капитал сыйымдылығы қысқа мерзімде республиканың отындық баланс құрылымын газға қарай өзгертуге мүмкіндік туғызады. Қазақстанда газ өнеркәсібінің даму болашағы зор…

КСРО-да бірегей халық шаруашылығы кешенін құру Қазақстанның аумағында Бұхар-ОралОрталық Азия-Орталық және Бухара-Ташкент-Фрунзе-Алматы ірі магистралдық газ құбырларын салуға себеп болды, олар бойынша осы уақытқа дейін тұтынушыларға көгілдір отын жеткізілуде.

Бірегей газ тасымалдау жүйесі орталықтан басқарылды, республикада негізгі басқаруды Қазбасгаз жүзеге асырды. Түрікмен мекн өзбек газын Қазақстан аумағы бойынша солтүстікке жеткізу керек болды. Магистралды газ құбырлары қазақстандық көмірсутегінің негізгі кен орындары орналасқан Қазақстанның батыс өңірлері бойынша жобаланып, өткізілгендігін атап өткен жөн.

Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге газ тасымалдау жүйесінің магистралдық жүйесін басқарумен «Қазақгаз» отандық мемлекеттік құрылымы айналысты . Алайда тиімді шаруашылық ету жедел жұмыс жасау және желілерді жарамды күйінде ұстау үшін ғана емес, оларды дамыту үшін де күрделі салымдарды талап етті. «Қазақгаз» қалыптасқан жағдайға байланысты осы проблемаларды шеше алмады да үкімет деңгейінде шетелдік инвесторларды тарту туралы шешім қабылданды.

1997 жылдың жазында бельгиялық «Трактебель С.А.» компаниясы мен Қазақстан Республикасы Ішкі және халықаралық газ тасымалдау жүйелері концессиясы шартын жасасты. Шартта бастапқы мерзім — барлық талаптар сақталған жағдайда ұзарту мүмкіндігімен 15 жыл көзделді. Жүйенің айтарлықтай бөлігі — 10 магистралдық газ құбыры, газ қотару қондырғыларымен 21 компрессорлық станциясы мен үш жер астындағы газ қоймасы концессияға түсті.

Әлеуетті инвестор әдейі шартқа арнап екі компания құрды — «Интергаз Орталық Азия» (газ құбырларының операторы) және монополист «Алматы Пауэр Консолидейтед». Сонымен бірге, концессионердің пайда болуымен елімізде газдың тұтынылуы күрт төмендеді, өйткені инвестор өздерінің ішкі резервтерінен газ жеткізілімімен емес, оны тасымалдаумен ғана айналысты. Тұтынушылар үшін бұл беріліп отырған газ бен электрэнергиясы бағасының көтерілуін білдірді. Әлеуметтік қорғауға үйренген тұтынушылар жалақысын уақтылы алмағанына байланысты ақы төлемегені үшін, сондай-ақ жеткізушілермен соттық дау-дамайлар үшін жылу және элетржабдықтауды өшіріп тастауға ұшырады. Үш жыл бойына оңтүстік қалалар газ бен жылудың жетіспеуінен айтарлықтай зардап шекті, осыған куә болғандардың айтуы бойынша, суықтан тоңған халық саябақтардағы ағаштарды шаба бастаған. Алматыда наразылық митингілері өтетін болды, әсіресе зейнеткерлердің «Ұрпақ» қозғалысы ерекше көзге түсті.

Жағдайының тұрақсыз екенін сезінген «Трактебель» компаниясы бұл салаға қаражат салуға ұмтылмады , 1999 жылы компания басшылығы Қазақстаннан кету туралы ойлана бастады. Газ тасымалдау жүйесін басқару проблемасын шұғыл тәртіпте шешу керек болды, оның үстіне өзбекстандық жеткізушілер жиі-жиі газдың бағасын көтеруге тырысты.

2000 жылдың ақпан айында «ҚазТрансОйл» ұлттық газ тасымалдау компаниясы «ҚазТрансГаз» еншілес құрылымын құрды , ол «Интергаз Орталық Азия» компаниясы акцияларының 100%-іне ие. «ҚазТрансГаз»-ға еліміз бен әлемде мемлекеттің газ рыногының мүдделерін білдіру міндеті артылған. Компания магистралды газ құбырлары бойынша табиғи газды тасымалдауды басқарады, ішкі және сыртқы рыноктарда газды сатумен айналысады, құбырлары мен газ қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады. Еліміздің газ нарығында болған үш жылдың ішінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары