22.06.2015, 18:00

Әлем нарығындағы қазақстандық титанның үлесі 20% дейін артады – Б.Сағынтаев

Бүгін VI Халықаралық тау-кен және металлургия конгресінде ҚР Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев металлургиядағы қазақстандық брендтердi дамыту аясында әлем нарығындағы қазақстандық титан үлесін 11%-дан 20%-ға дейін арттыру жоспарлануда.

ҚР Премьер-министрi баспасөз қызметінің мәліметінше, ол республиканың тау-кен металлургиялық өнеркәсібін дамытудың бірнеше басым бағыты Елбасының Қазақстанда бес институционалдық реформа үшін белгілеген «100 нақты қадамын» жүзеге асыруға сәйкес екендігін айтып өтті. 

«Қазақстандық металл брендтерiн дамытуға келетiн болсақ, бiз Қазақстан титанының әлемдiк сегменттегi үлесiн 11 пайыздан 20 пайызға дейiн арттыруды жоспарлап отырмыз», - деді Б.Сағынтаев. Бұдан өзге, салада пайдалы қазбалар қорлары бойынша есептілік стандарттардың халықаралық жүйесін енгізу үдерісін бастау жоспарланған. Жер қойнауын пайдалану саласында аустралиялық тәжірибені пайдаланып жеңілдетілген шарттарға көшу көзделген. Бірінші вице-премьер тау-кен кешенiн дамыту мақсатында осы салаға трансұлттық компанияларды тарту бойынша жұмысты күшейту қажет екендігін атап өтті. «Аталған бағыттарды жүзеге асыру үшін ҚР Тау кодексін жасау басталды», - деп түйіндеді Б.Сағынтаев.

Жуырда ғана жыл сайынғы Астана экономикалық форумының аясында тұңғыш рет «Қазақстандағы титан-магний өнеркәсібін дамыту: ахуалы және келешегі» панельдік сессиясы өткен болатын. Аталмыш шараны Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ ұйымдастырды және оны 1992-2013 жылдар аралығында комбинатты басқарған «УКТМК» АҚ Президенті Бағдат Шаяхметовты еске алуға арнады. Өзінің өмірін титан-магний комбинатына, оған қан жүгірту мен дамытуға арнаған Қазақстанның еңбегі сіңген металлургы Бағдат Мұхаметович «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына лайықталды. Оның «Қазақстанның титан өнеркәсібін дамытудың 1992-2001 жылдарға арналған бағдарламасын» әзірлеуге, қабылдауға және табысты жүзеге асыруға қатысуы кәсіпорынға өзінің өндірісін сақтаумен қатар әлемдік титан индустриясының көшбасшылар қатарына шығуға жол ашты. Бұл азаматтың жетістіктерін асыра бағалау мүмкін емес, біз бүгінде Бағдат Шаяхметовтың бірқатар бастамалары Қазақстанның титан өнеркәсібін дамыту ісінде ғана емес, әлеуметтік салада да өмірге жолдама алғанына куә болып отырмыз.

Титанның әлемдік нарығындағы ахуалды талқылау, Қазақстан Республикасының титан-магний өнеркәсібін дамытудың басымды бағыттарын айқындау, титан өндірісін жетілдіру жобаларын жүзеге асыру және титан өнімдерін пайдалану аясын кеңейту жолында мүдделі ұйымдар мен компаниялардың ынтымақтастығы үшін жағдай жасау панельдік сессияның негізгі мақсатына айналды.

Панельдік сессияда «УКТМК» АҚ президенті Әсем Мамутова модератордың жүгін арқалап, кіріспе сөзінде барлық қатысушыларды титан-магний комбинаты қызметінің нәтижелерімен таныстырды. Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев өзінің құттықтау сөзінде барлық қатысушыларға ынтымақтастықтың жемісті болуын тілеп, Қазақстанды дамытудың үдемелі индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолында ел экономикасының шикізат және өңдеуші салаларын нығайту рөлін ерекше атап өтті.

Панельдік сессияға түрлі мемлекетті құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың, жоғару оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері, сонымен қатар УКТМК бизнес-әріптестер және басқа мүдделі тұлғалар қатысты. Әлемнің жетекші мемлекеттері экономикасында титан саласы маңызды стратегиялық бағыт саналады және оны дамытуға барлық деңгейде баса мән беріледі.

«УКТМК» АҚ басқарма төрағасы Сильван Гелераның баяндамасында әлемдік титан нарығының және оны дамыту үрдістерінің талдамасы қамтылды. Әуе-ғарыш өнеркәсібіндегі компаниялар комбинат өндіретін кеуекті титанның басты тұтынушылары болып табылады, сондықтан бұл саланың даму қарқыны титан өнімдерін шығару көлеміне көп әсер етеді. «Титан» мемлекетаралық қауымдастықтың президенті негізінде титан нарығын дамыту басымдықтары жайлы баяндады. Бұл әуе-ғарыш саласы, атомдық және баламалы энергетика, тұшыландыратын зауыттардың құрылысы, мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібі, түрлі-түсті металлургия, медицина, спорт және машина жасау салалары. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік және өңдеуші кәсіпорындары Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына сәйкес отандық индустриалды саланы дамытуға бағыт алып, бұл бағыттың кез келген әлеуетін пайдалана алады.

Airbus компаниясының сату бойынша директоры Стефан Конколи УКТМК титан өнімдерін тұтынушылардың бірі саналатын әуе өнеркәсібіндегі әлемдік көшбасшысы жұмысының коммерциялық көрсеткіштеріне шолуды назарға ұсынды.

Панельдік сессиядағы спикерлердің бірі ресейлік «Эксперт – АЛ» ЖШС компаниясының ғылыми қызметкері Александр Чесноков бірнеше жылдан бері «УКТМК» АҚ-мен бірлесе магний өндірісін жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмысы тұрақты түрде жүргізілетіні жайлы тілге тиек етті.

Панельдік сессияда «Жер, металлургия туралы ғылымдар және байыту ұлттық орталығы» АҚ президенті Зейнеш Әбішева Қазақстанда титан қалдықтарынан скандияны алу өндірісін құру және дамыту басымдықтары туралы мәселені ортаға салды. 2013 жылдың мамырында «ҚазАтом Өнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ, «Bloom Energy» американдық компаниясы және «УКТМК» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, оған сәйкес бірлескен кәсіпорынды құру көзделген. БК басты мақсаты «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ негізінде «УКТМК» АҚ титан қалдықтарынан скандий оксидін алу өндірісін құру болып табылады.

«UKAD» компаниясының сауда бойынша вице-президенті Патрик Делабор Франциядағы «УКТМК» АҚ - «UKAD» компаниясы бірлескен кәсіпорынның қызметі, жоғары технологиялық қапталған титан өнімдерінің өндісі және оның ары қарай қолданысы төңірегінде туралы әңгімеледі. «УКТМК» АҚ титан құймалары мен қорытпаларын шығаратын тағы бір бірлескен кәсіпорындардың бірі «ПОСУК Титаниум» ЖШС саналады, оның атынан бас директор Сычев Валерий қатысты. Бірегей электронды-сәйлелі құйма технологиясы бар, құрылысы қолға алынған «ПОСУК Титаниум» ЖШС БК зауыты 2014 жылдың 4-ші тоқсанында қолданысқа тапсырылмақ.

Комбинаттың техникалық директоры Бейбіт Жеңісов металлургиялық және өңдеуші өнеркәсіптің кәсіпорындарымен ынтымақтастықты дамыту үшін титан өнімдерінің Қазақстан Республикасының ішкі нарығына шығаруды қарастыратын «УКТМК» АҚ 2012-2022 жылдарға арналған даму бағдарламасының жобаларын ұсынды. Аталмыш бағдарламаның іске асырылуы әлемдік нарықта қазақстандық титан өніміне өзінің беделін нығайтуға, қазақстандық мазмұн үлесін арттыруға және бюджетке салық түсімдерін көбейтуді қамтамасыз етуге жол ашады. Даму бағдарламасы жобаларының жалпы құны 20 миллиард теңгеден астам қаржыны құрайды.

«УКТМК» АҚ Даму бағдарламасының жүзеге асырылған жобалары арасында «Сәтбаев» кен ошағында тау кен-байыту фабрикасын жаңғырту, «Nadcap» халықаралық стандартына сәйкес «УКТМК» АҚ зертханаларын сертификаттау, Өскемен қ. жаңа медициналық орталықтың құрылысы бар.

Медициналық мақсаттатығы бұйымдарда қазақстандық титанды қолдану туралы мәселенің шешілуі «Травматология және ортопедия ҒЗИ» РМК директоры, профессор Нұрлан Батпеновтың баяндамасына арқау болды.

Панельдік сессияның соңына қарай форумға қатысушылар мұнай-газ саласында «УКТМК» АҚ титан өнімін қолданудың келешегімен таныстырылды. «Тау-Кен Самұрық» АҚ жобаларды жүзеге асыру бойынша басқарушы директор Қылышбек Ізбасханов бұл бағыттың қажеттілігі жайлы өз пайымымен бөлісті. Бүгінде қазақстандық мұнай-газ өңдеуші кәсіпорындарда өндіру көлемі артқаны байқалады, Каспий теңізінің айдынында қайраң жобаларын жүргізу белсенді түрде қолға алынған. Қазіргі жағдай титан өнімін шығаратын өңдеуші кәсіпорын құруға қолайлы, бұл өз кезегінде Қазақстан республикасының индустриалды дамуындағы үлкен жетістікке айналатыны сөзсіз.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі және «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ арасындағы мақсаттар туралы Меморандумға қол қою «УКТМК» АҚ панельдік сессиясының басты сәтіне айналды. Қол қойылған құжат тараптардың Қазақстан Республикасы мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібінде қазақстандық титанның қолдану аясын кеңейтуге септесетін шараларды жүзеге асыру бойынша мақсаттарын растайды.

Бағдат Шаяхметовқа арналған және Қазақстанның титан-магний өнеркәсібі беделін нығайтуға бағытталан панельдік сессия УКТМК жобаларын логикалық тұрғыда жалғастыруға мүмкіндік береді. Астана экономикалық форум әлемдік экономикадағы жаһандық үрдістерді назарда ұстауға жол ашатын сұхбат алаңына айналды. Мұндай дәрежедегі шаралар шеңберінде тәжірибе алмасу, ынтымақтастық туралы тың ұсыныстар және металлургия саласы мамандарының жеке кездесу мүмкіндігі баға жетпейтін

артықшылықтар болып табылады. Бұл өз кезегінде жалпы индустрияның мәселелеріне назар аудартуға және оларды шешу бойынша нақты әрекеттерді қабылдауға мүмкіндік береді.

Сессияға қатысушылардың сөздеріне сүйенсек, мұндай кездесулердің титан саласын ары қарауй дамыту үшін тығыз қарым-қатынасу және жаңа жобаларда өзара тиімді ынтымақтастықты оң жолға қою бағытында өте тиімді.

«Қазақстандағы титан-магний өнеркәсібін дамыту: ахуалы және келешегі» панельдік сессияны ұйымдастырушылары VII Астана Экономикалық Форумының ресми демеушісі бола отырып, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ басқарма атынан Қазақстан Республикасы Үкіметіне және «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығына форумды ұйымдастыру мен өткізудің жоғары деңгейі үшін алғысын білдіреді.