2018-2024 жылдар аралығындағы Алматыдағы метрополитеннің құрылысына 2020 жылға дейін 32 млрд теңге қарастырылмақ.
Бұл туралы «2030 жылға дейінгі Алматы агломерациясы қалыптасуының ұзақмерзімді жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасында жариялады.
Құжатқа сәйкес, республикалық бюджеттен 2018 жылға - 9 млрд, 2019 жылға - 10 млрд, 2020 жылға - 10 млрд, жергілікті бюджеттен 2018 жылға - 900 млн, 2019 - 1 млрд, 2020 - 1 млрд теңге жоспарланған.
Бүгінде «Сарыарқа» мен «Достық» стансаларының құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2020 жылға қарай аяқталады. Метро желісі Қалқаман және Батыс автовокзалы жаққа қарай созылмақ.
Жоба аясында Алматы облысымен байланысты арттыру мақсатында Bus Rapid Transit (BRT) және Light Rail Transit (LRT) Алматыдан батысқа - Ұзынағашқа қарай, солтүстікке - Қапшағай қаласына дейін, шығысқа қарай - Шелек аудан орталығына дейін созылады. 3 автостанса салынады.и
Естеріңізге слаайық, 20 жылдан астам уақыт бойы күттірген Алматы метросы 2011 жылдың 1 желтоқсанында іске қосылған болатын.
Алматы метрополитені еліміз үшін стратегиялық маңызды нысан болып табылады. Заманауи технологияларды енгізу бойынша жоспарды жүзеге асыру үшін Алматы метрополитенін салу барысында «Herrenknecht AG» неміс компаниясының «Herrenknecht S-320» жоғары өндірісті тоннель қазушы кешені сатып алынған. Нысан Қазақстандағы алғашқы, Орталық Азияда екінші (Ташкент метрополитенінен кейін) және ТМД-дағы 16-шы метрополитен саналады. Метроны соғудағы басты мақсат – көлiк кептелiсiн қысқарту, қаланың экологиялық ахуалын жақсарту, сондай-ақ көлiк мәдениетiн қалыптастыруға ықпал ету.
Ресми дерек бойынша, ТМД елдерiнiң арасында Алматы метросы алғашқы болып қозғалыс жолының жоғарғы құрылысы шпалсыз, бетондық негiзде салынған.