Желі қолданушылары Айқынның екінші әйелінің бұл бастамасына қатысты түрлі пікір жазды.
Әнші әрі актриса Жұлдыз Өмірғали кино саласына бет бұратынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Адам әрқашан өзіне мақсат қойып, сол арманына жеткісі келеді ғой. Аман-есен баламды дүниеге алып келгеннен кейін кино түсіру жоспарымда бар. Қазір сценарий жазу процесіндемін. Жарты жылдан асты қалай сценарий жазу керек екенін зерттеп жүрмін. Кітабын да оқыдым, видеосын да көрдім", - деді Жұлдыз Өмірғали.
Желі қолданушылары Айқынның екінші әйелінің бұл бастамасына қатысты түрлі пікір жазды.
"Сөздік қоры аз екен", "Қойшы, айналайын. Енді сен қалып едің кино түсірмеген", "Бірінші сөйлем құрауды үйреніп алу керек-ау", "Бәрі кино түсіргіш болып кеткен", деді олар.