$ 494.87  520.65  4.91

Қытай Тәжікстанға дендеп кіре бастады: елде юаньмен несие беріп жатыр

Тәжікстанның мемлекеттік "Амонатбанк" елде Қытай валютасымен несие бере бастады. Бұл туралы Азаттықтың Тәжік қызметі хабарлады. Мемлекеттік банк Қытай компанияларымен жұмыс істейтін кәсіпкерлерге юаньмен несие беріп, оны соманимен қайтаруға рұқсат беріп отыр.

Соңғы уақытта Тәжікстанда доллардың азайғаны жиі айтыла бастаған.

"Амонатбанк" Өзбекстанмен байланыс орнатқысы келетін кәсіпкерлерге долларда жеңілдікпен несие берілетінін де хабарлады. Биыл көктемде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Душанбеге сапары кезінде екі ел бірнеше келісімге қол қойған. Бұл келісімге сай, Ташкент Душанбеге тәжік кәсіпкерлерін қолдау үшін 100 миллион доллар қаржы бөлген.

Осы ретте айта кетейік, Қытай Қазақстанға да миллиардтап инвестиция құйып жатыр. Әсіресе, мұнай-газ саласы мен ауылшаруашылық саласында жұмыс істеп жатқан қытайлық компаниялар өте көп.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары