15.07.2015, 18:00

Халықаралық агенттік: Қазақстанда 20 пайыздық девальвациясы болады

kapital.kz

Халықаралық Moody’s рейтинг агенттігі 2016 жылдың соңына дейін 20 пайыздық теңге девальвациясы болады деген болжам жасады. Бұл туралы LSхабарлайды.

«2016 жылдың соңында Қазақстанда 20 пайыздық теңге девальвациясы орын алса, Қазақстандағы банктер Өзбекстанға қарағанда жоғары қысыммен кездеседі. Алайда, жалпы ТМД елдерінің банктеріне қарағанда азырақ зардап шегеді», — дейді агенттіктен.

Moody’s сарапшылары алдағы 2 жылда Ресейдегі тоқыру мен мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан банктеріне және тағы бірнеше ТМД елдеріне негативті ықпал етеді деп мәлімдейді. Агенттік осы жылы Ресей ЖІӨ-і 3%-ға азайып, 2016 жылы нолдік өсім көрсетеді деп күтуде. Бұған 2015 жылы Brent маркалы мұнай 60 доллар, 2016 жылы 65 доллар болады деген болжамдар себеп.

«Біз мұнай бағасының төмендеуі мен Ресейдегі рецессия ТМД елдерінің банктеріне жергілікті валюта, ақша айналымдарының төмендеуі және Достастық елдерінен РФ-ға экспорт азаюы арқылы әсер етеді деген пікірдеміз», — деп атап өтті Moody’s сарапшысы Лев Дорф.

Сондай-ақ, сарапшылар девальвацияға қатысты негізгі проблеманың бірі шетелдік валютада берілген үлкен көлемдегі несие деп есептейді. Көп жағдайда олардың валюталы табыстары болмайды.