16.07.2015, 18:00

Қазақстанда қытайлық арзан көліктер құрастырылатын болды

m.partner.kz

Қытайлық CMС компаниясы қазақстандық нарықта қытайлық автобренд желілерін кеңейтуді жалғастырмақ. Көрші елдің көліктері Қостанайдағы «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» зауытында жиналатын болады деп AllurGroup баспасөз қызметіне сілтеме жасап 7kun.kz хабарлайды.

Тараптар осы айдың басында көлік жасау саласында серіктестік жасау туралы келісімге келген болатын.

«Аталған келісім аясында автомобиль құрастыруды бастау 2015 жылдың күзіне жоспарланды. Ол ірі торапты құрастырмадан басталып, шағын торапты құрастырмаға өтеді. Сондай-ақ дәнекерлеу мен бояу да қосылады. Алғашқы кезеңде жоба құны 4 млн долларды құрайды», — делінген хабарламада.

AllurGroup мәліметінше, Қазақстанда қол жетімді сегменттегі көліктердің танымалдылығы артып келеді. Осыған байланысты екі жақ тек авто өндірісін ғана емес, автокомпоненттер саласын дамытуды қолға алмақ.

«Бұл жобаның іске асырылуы әлемдік автоөндірушілердің Қазақстанның автонарығына деген қызығушылығын байқатады. Өз кезегінде біздің еліміздің шикізатсыз секторына шетелдік инвестицияның тартылуы экономиканы әртараптандыруды іске асырудың негізгі құралы болып табылады», — деп атап өтті компаниядағылар.