28.07.2015, 03:35

ДСҰ-ға кіргеннен кейін автокөліктер арзандайды

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін барлық әкелінетін тауардың кедендік салығы төмендейді, соның ішінде автокөліктерді әкелуде кедендік мөлшерлеме айтарлықтай төмендейді, - деп  Kolesa.kz-ке сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлайды.

Қазақстанның экономикалық интеграциясы ісі жөніндегі министрінің баспасөз қызметі шетелден әкелінетін автокөліктерге қандай мөлшерлеме болатынын атап берді. "Қазіргі уақытта жаңа көлік құралдарына импорттық баж салығының орташа мөлшерлемесі - 27,9 пайыз. Қазақстан ДСҰ-ға кіргеннен кейін бұл мөлшерлеме 13,3 пайызға дейін түседі, сонымен қатар, импорттық баж салығының мөлшерлемесі жыл сайын 0,5-0,6 пайызға төмендеп, соңында орташа деңгейі - 10,8 пайызға түседі", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Баспасөз өкілдері бастапқыда әкелінетін қолданыста болған жеңіл автокөліктерге импорттық баж салығының жоғары мөлшерінің 25 пайыз көлемінде сақталатынын айтты, алайда қозғалтқыштың 1 текше сантиметр үшін 0,8 евро мөлшеріндегі салығы сақталады екен. Кейін баж салығының төмендеуіне байланысты ескі көліктер үшін де 15 пайызға дейін төмендейді, бірақ қозғалтқыштың 1 текше сантиметр үшін 0,6 евро мөлшерінен төмен болмайды. Ал автобустар мен жүк көліктері үшін баж салығы оның жалпы құнының 10 пайызы болады.

Ведомство өкілдері әкелінетін электрмобильдерінің қазіргі уақытта қолданылып жүрген нольдік мөлшерлемесінің Қазақстанда 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін ғана сақталатынын еске салды. Ал 1 қаңтардан бастап импорттық баж салығының мөлшерлемесі бес байызға көтеріледі де, кейінгі бес жылдың ішінде нольдік деңгейге түседі.

Мұнымен бірге, басылым тілшілері республиканың ДСҰ-ға кіргенінен кейін жақын арада көліктерді Қазақстанға қандай жолмен әкелуге болатынын егжей-тегжейлі түсіндіруін сұрады.

"КТК" телеарнасының хабарлауынша, Қазақстанда импорт тауарлары бірнеше жылда-ақ күрт төмендеп кетеді.  "Мұнда белгілі бір құн бәсекелестігі басталады, белгілі бір тауарлар, белгілі бір өнім арзандауы мүмкін", - деді саясаттанушы Досым Сәтпаев.

Ал Автомобильдердің тәуелсіз одағының төрағасы Эдуард Эдоков автомобильдер туралы айта отырып, кедендік тарифтердің төмендеуінің автоматты түрде шетел көліктерінің арзандауына кепіл бола алмайтынын айтты. Сарапшы көршілес Ресейді мысалға келтірді, онда ел ДСҰ-ға кіргеннен кейін жаңа кеден алымының енгізілуіне байланысты көліктер қымбаттап кеткен. 

"Егер 30 болса, негізі 15-17 болады, онда арзандайды. Солай болады деп үміттенеміз. Кілтипандары болса, біздің жағдайымызды ойлағыш қазақстандық өндірушілер бар дегендей...", - деп мәлімдеді Эдоков.

 
Тегтер: автокөлік ДСҰ