$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда бюджетті үнемдеу есебінен қосымша жолдар салынып, жарық желілері жөнделеді

Алматыда VI-ші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезектен тыс өткен сессиясы барысында биылғы жылғы қала бюджеті нақтыланды. Мемлекеттік сатып алуды үнемдеу есебінен жүргізу және жобаларды 9,3 млрд. теңгеге ойтайландыру арқасында ішкі резервтерді қайта бөлу барысында нақтыландыру шарасы жүзеге асты.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы экономикасының барлық салаларында 103,8% өсімге қол жетті. Мысалы, бөлшек сауда 8,3%-ға, өнеркәсіп 4,4%-ға, құрылыс 4,7%-ға ұлғайды, бес айдың ішінде шетелдік инвестиция 25,1%-ды құрады. Мемлекеттік бюджетке салық түсімінің 110,3%-ға өсуі қамтамасыз етілді.

Бюджетті нақтылау барысындаүнемделген қаржы есебінен әлеуметтік мәселелерді, соның ішінде сыртқы жарық көздерін, тротуарларды жөндеуге,жаңа ықшам аудандарда жол салуға, қауіпсіздікті арттыруға және мүмкіндігі шектеулі жандардға қолдау көрсетуге жұмсалатын шығын көздері анықталды.

Мысалы, қаланың бірқатар аудандарында сыртқы жарық көздеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, Алатау ауданындағы Ақбұлақ, Алғабас, Қарасу, Көк-Кайнар, Ұлжан-2 ықшам аудандарында жол жөндеу басталды. Түрксіб ауданындағы Жас қанат елді мекенінде жол жөндеу жалғасуда.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету мақсатында 675 адамға тифлотехникалық, 871 адамға сурдотехникалық жабдықтар сатып алынады.

«Еңбекке қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті қолдау» аясында мыңдаған жұмыссыздар 50 мамандық бойынша кәсіби дайындықтан және қайта дайындықтан өтеді.

Бұлардан өзге, жалпы білім беретін мектептерді оқулықтармен қамту үшін қосымша 193,5 млн. теңге қарастырылды. Қауіпсіздікті арттыру мақсатында жеті мектеп нысандарын сейсмикалық мықтылау жұмыстары жүргізіледі.

Еске салсақ, «Алматы-2020» даму бағдарламасына және қалалықтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге негізделген Алматы бюджеті биылғы жылы 526,7 миллиард теңгені құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары