$ 494.87  520.65  4.91

«Жеке мүлікті сатудан түскен қаражатты зейнетақы қорына аудармайды»: вице-министр даулы заңға қатысты түсініктеме берді

Барлық зейнетақы аударымдары азаматтардың еңбек табысынан ұсталады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жакупова мәлімдеді деп жазады Tengrinews.kz.

"Мәселен, кәсіпорын жұмысшысының еңбек кірісі - оның жалақысы, жеке кәсіпкердің кірісі - кәсіпкерліктен түскен табысы, жеке нотариустың кірісі - көрсетілген қызметтен түскен ақысы. Ал, келісімшарт негізінде белгілі бір қызмет түрін немесе жұмысты істейтін заңды немесе жеке тұлғалар сол атқарған жұмысынан түскен қаражаттан зейнетақы қорына ақша аударады (жеке мүлкін сатқан қаражаттан емес)", - деді вице-министр.

ҚР Зейнетақымен қамту туралы заңының 25-бабында біріңғай зейнетақы қорына аударылатын қаражат айлық табыстың 10 пайызын құрауы тиіс деп көрсетілген. Ал, биыл 14 шілде күні аталған заңға енгізілген түзетуге сәйкес, келісімшарт негізінде табыс табатын жеке тұлғалар, сонымен қатар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар, жеке кәсіпкерлер біріңғай зейнетақы қорына міндетті зейнетақы төлемдерін аударулары қажет.

Еске салайық, бұған дейін отандық БАҚ беттерінде жеке мүлікті (баспана мен көлік) сатудан түсетін қаражаттың 10 пайызын да зейнетақы қорына аудару қажет деген ақпарат тараған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары