$ 494.87  520.65  4.91

Поляк кәсіпкерлері оңтүстік өңірге инвестиция салмақ

Қазақстанның Польшадағы елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан мен Польша мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты, сауда-экономикалық байланысты арттыру мақсатында Варшава қаласында екі елдің билік өкілдері, қоғам қайраткерлері, депутаттар мен кәсіпкерлердің қатысуымен жиын өтті.

Осы орайда, екі мемлекет арасында «KZ-EURO-PL» еуразиялық палатасы құрылды. Палатаның құрамында машинажасау, аграрлық өнеркәсіп, энергетика, құрылыс салалары бойынша жұмыс атқаратын Польшаның жетекші компаниялары және 70-тен астам орта кәсіпорындары кірді. Еуразиялық палата Қазақстанда «KZ-EURO-PL» пилоттық бағдарламасын Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Астанада іске асуына қолғабыс көрсетеді. 

«KZ-EURO-PL» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының әкімі Қ.Абдуалиев «KZ-EURO-PL: Агросады» агралық компаниялар консорциумымен Түлкібас ауданы аумағында өнімді алма бақтарын егу туралы меморандумға қол қойды. Бұл жобаны іске асыру бойынша жауапкершілік Польшаның «ARNO» компаниясына жүктелді. Яғни, алдағы уақытта Польша кәсіпкерлері мұнда алма бағын егу жұмыстарын қолға алатын болады. 

Сонымен қатар Түлкібас ауданында жеміс-жидек сақтайтын логистикалық орталық салу жоспарланып отыр. Аталмыш жобаны іске асыру туралы меморандумға Қ.Абдуалиевпен «Polfrost» көлік-логистикалық компаниясы арасында қол қойылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары