Қазақстан Республикасында бір қызметкердің ағымдағы жылғы сәуір-маусым айындағы орташа жалақысы 124,227 мың теңгені құрап отыр. Бұл өткен аймен салыстырғанда 2,9 пайызға көп. Мұндай мәліметтерді ҚР Ұлттық экономика министрілігінің Статистика комитеті келтіріп отыр. Бұл туралы 7kun.kz-ке сілтеме жасап Skifnews.kz хабарлайды.
Салалық құрылымда ең көп жалақы тау-кен өндіру саласында байқалып отыр. Ол жердегі жалақы мөлшері 250,7 мың теңге. Кәсіптік, ғылыми және техникалық салаларда — 229,9 мың теңге, қаржылық және сақтандыру саласында — 229,6 мың теңге, ақпарат және байланыс саласында — 193,1 мың теңге, көлік және қаттау саласында — 157,3 мың теңгені құрайды.
Ал, ең төменгі орташа жалақы мөлшері ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығында — 69,6 мың теңге. Бұл білім беру саласы көрсеткішінен 44 пайызға (84,4 мың теңгеге), республикадағы орташа көрсеткіштен 32 пайызға төмен.
Аймақтар арасында ең жоғары жалақы Маңғыстау облысында екені анықталды. Ол жердегі мөлшер — 217,3 мың теңге. Жамбыл облысында — 85,2 мың теңге, бұл ел ішіндегі орта деңгейден 31,4 пайызға аз.