$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстауда кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталық өз жұмысын бастады

Ақтауда Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының жанынан  Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталық ашылды.

Орталықтың салтанатты  ашылу рәсіміне Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, ҚР ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, банктер өкілдері, «Empereal» компаниясының басқарушы директоры Маножа Дивакаран бастаған инвесторлар, өңірдің даму және бизнес-қауымдастық институттарының жетекшілері қатысты.  

Ғимараттың жалпы ауданы 4000 шаршы метр, 3 қабатты.  Жалпы тіркеу орны,  үлкен зал, оқытуға арналған екі конференц-зал, өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге арналған  бизнес-инкубатор,  асхана және тағы басқа да кабинеттер бар. Кезекті болдырмау үшін терминал орнатылған.

Орталықта «бір терезе» қағидасы бойынша көрсетілетін қызмет түрлері кәсіпкерлер үшін тиімді болады. Яғни, олар мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау туралы ақпаратты осы орталықтан алады.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жалпы көлемі 4 000 шарты метрді құрайды, ғимарат 3 қабаттан тұрады. Кіреберісте ресепшн орналасқан, үлкен операциялық зал, кәсіпкерлерді оқытуға арналған конференц-зал, кең кабинеттер, өз ісін жаңадан бастаған іскер азаматтарға арналған бизнес-инкубатор мен асхана да бар. Тіркелу кезінде келушілер арасында кезек күттірмеу мақсатында терминал орнатылған, онда әрбір клиент онлайн тіркеуден өте алады.

Операциялық залда кеңесшілер (консультант) заңды тұрғыдағы сұрақтар, ақпаратты технологиялар, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік, салық және статистикалық есеп, сапа жүйесін енгізу, кедендік процедуралар, маркетинг, менеджмент және мемлекеттік қолдау туралы бағдарламалар жөнінде тегін қызмет көрсететін болады.

«Каспий» микронесиелік ұйым, екінші деңгейлі банктер, Маңғыстау индустриалдық палаты ЗТБ, «Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймағы жанынан құрылған инвесторларға қызмет көрсету орталығы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры облыстық филиалының өкілдері де кәсіпкерлерді бизнесті жүргізу туралы сұрақтар бойынша ақпараттандырады.

Кәсіпкерлерге арналған орталықта мемлекеттік органдардың өкілдері де қызмет көрсетеді. Олар – халыққа қызмет көрсету орталығы, қалалық архитектура және құрылыс бөлімі, жер қатынастары, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, әділет органдары, төтенше жағдайлар департаменті, мемлекеттік кірістер департаменті, сондай-ақ, «Ұлттық сараптау және сертификатту орталығы» АҚ, «Каспийаралық сертификаттау орталығы» ЖШС қызметкерлері осы орталықта қызмет көрсететін болады.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін жалпы көлемі 30 шаршы метрді құрайтын және сыйымдылығы 50 адамға есептелген коворкинг-орталығы қарастырылған. Кәсіпкерлерді бизнес негіздеріне оқыту жалпы көлемі 100 шарты метрді алатын және 80 адамға арналған конференц-залда өткізіледі. Операциялық залда «Атамекен» ҰКП қарасты КҚКО мен КҚО жұмыс сипаттамасы көрсетілген стенддер орнатылған.

Ашылған күні қонақтарды Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған кәсіпкерлерге қызмет орталығының қызметімен таныстырды. Сонымен қатар «SmartEX» компаниясы ұсынған «Е-аймақ – қаланы басқару» бағдарламасының тұсаукесері өтті. Алдағы уақытта аудандарда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының құрылысы мен шаһарда орын тебетін индустриалды аймақтың жобасы да таныстырылды. Сондай-ақ, қысқаметражды «Бумеранг судьбы» экшн-фильмінен үзінді көрсетілді, аталмыш картинаның бір бөлігі бұған дейін кәсіпкерлер палатасының ғимаратында түсірілген болатын.

«Бұл орталық маңғыстаулықтарға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын және барлық жұмыстар «бір терезе» қағидасы бойынша жүргізіледі. Тұрақты түрде форумдар, семинар-тренингтер, бизнесті жүргізу және экономиканың түрлі саласы бойынша көптеген шаралар өткізілетін болады. Бұл кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады және ең алдымен ауылдағы бизнесмендер үшін аса қажет екендігі сөзсіз. Себебі олар бұл орталықта сапалы қызмет түрлеріне қол жеткізеді, яғни, өзінің уақытын және басқа да ресусртарды үнемдейді», – деді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Жаңбырбай Доспаев.

Бұл еліміздегі ең ірі кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және көлемі бойынша оған тең келетін орталық әзірге жоқ. «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтың айтуынша, алдағы уақытта дәл осындай орталықтарды әр облыста ашу көзделіп отыр. Ол үшін Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің атына осындай шараларға қолдау көрсету туралы ұсыныс жолданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары