03.08.2015, 10:00

Рубль бағамы тағы да құлдырай бастады

http://www.azattyq.org/

Ресей рублінің АҚШ доллары мен еуроға шаққандағы бағамы тағы да арзандай бастады. Бүгін Мәскеу қор биржасында таңертеңгілік саудада бір доллар 62 рубль 35 тиын, бір еуро 68 рубль 51 тиын болды.

Рубль бағамы ең соңғы рет наурыздың 16-сы күні құлдыраған. Ол кезде бір доллар 62 рубльге жеткен. Одан кейін еуро мен доллар қымбаттамаған.

Биржа сарапшылары рубль бағамының арзандауын әлемде мұнай бағасының арзандауымен байланыстырады.

Азаттық радиосы