$ 494.87  520.65  4.91

Елбасы кешенді бағдарламаны қорытындылайды

Шілде айының 2-сі күні арнайы шара өтіп, онда Елбасы ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы бойынша Үкіметтің қорытындыларын тыңдайды. Шара барысында министрлер бағдарламаны сала-сала бойынша жіктеп баяндамалар жасауы тиіс. Сонымен бірге, телекөпір ұйымдастырылады деп күтілуде.

Аталған кешенді мемлекеттік бағдарламаның қорытындыларына байланысты бұған дейін де әңгіме қозғағанбыз. Бесжылдық жоспар деп айдарлауға да болатын бағдарламаның о баста құрылар сәтінде талай межелерге жететініміз тау-тау уәде боп айтылып еді. Сол уәделерді қай министрлік орындай алды, қандай өзгерістер болды, қандай кемшіліктер бар (немесе жетістіктер) – барлық мәселе төңірегінде ақпарат құралдарында талай мәрте сөз болып жүр. Бір кезде біз де бұған қатысты шолу жасап көрдік. «ҮИИД» бағдарламасы және Үкімет жауабы» атты мақаламызда мән-жайды толық ұғуға тырыстық.

Жалпы, ауқымды бағдарламаның қорытындыларына қатысты Парламент қабырғасында «Азат» партиясы да мәселе көтерген болатын. Партия өкілдерінің айтуынша, медицина, құрылысқа қажетті материалдар, металлургия және басқа да бірқатар салалар бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жетпеген. Ал, партия фракциясы өкілдерінің кжолдаған сауалына Үкіметтің берген жауабы қанағаттанарлықсыз болған еді.

Жалпы, кешенді бағдарламаға қатысты айтылар әңгіме де аз емес. Дегенмен, Елбасымен болатын арнайы жиында осы мәселелердің барлығы қамтылады деген ойдамыз. Содан кейін біз де өзімізше шолу жасап көрерміз.

«SKIFNEWS.KZ».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары