#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

Шаруаларға мемлекеттің көмегі мол

Инвестсубсидияның шаруалар үшін пайдасы көл-көсір. Яғни дәл осылай аталатын бағдарламаға қатысқан шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарға жабдықтар мен техникаларға жұмсаған қаражатының 20-дан 80 пайызға дейінгі мөлшері қайтарылып беріледі. Мұндай игілікті батысқазақстандықтар да көріп отыр.

Ақ Жайық өңірінің аграрлы саласы негізінен мал шаруашылығына бағытталған соң, шаруалар көбіне түрлі тракторлар, шөп дайындайтын техникалар сатып алады. Сол техникалар үшін жұмсалған қаражаттың 20-дан 50 пайызға дейінгі мөлшері мемлекет тарапынан қайтарылады. Алайда әр техникаға жұмсалатын қаражат нақты белгіленген сомадан аспауы керек. Сондай-ақ құдық соғып алған фермерлер де көмексіз қалмайды. Егер барлық құжаттары сай болса, шекті бағасынан асырмай соғылған құдықтар үшін жұмсалған қаражаттың 80 пайызы қайтарып беріледі.

-Инвестсубсиялау үшін былтыр 1 млрд. 790 млн. теңге қаражат бөлінген болса, биыл республикалық бюджеттен 2 млрд. 847 млн. теңге қаралды. Аталған бағдарламаға өткен жылы облыс бойынша 650-ден астам шаруашылық қатысқан еді, биылғы жартыжылдықтағы көрсеткіш 300-ге жуықтайды, – дейді БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Берік Сейітқазиев.

Қаратөбе ауданындағы «Ақжол» шаруа қожалығы инвестсубсидиялау бағдарламасындағы «Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал өсіруші шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету» жобасы бойынша өткен жылы терең құдық қазып, артынан жұмсаған қаражатының 80 пайызын қайтарып алды. Қожалық жетекшісі Қосыбай Бақытжановтың айтуынша, мемлекеттің мұндай көмегі шаруашылықтың дамуына айтарлықтай жәрдем болуда. Соның нәтижесінде дала төсіндегі асыл малдары мейірлері қанып, таза су ішіп жүр. Бұл өз кезегінде малдан жақсы төл, сапалы өнім алуға негіз болары анық.

Ернар ХАЙДАР

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары