$ 443.85  474.3  4.8

Алматыда коммуналды қызмет түрлері қымбаттамайды, ал газ 4 пайызға арзандамақ

Қалада жылу, электр қуаты, су және кәріз жүйесінің тарифтері жылдың соңына дейін бұрынғы деңгейде қалады, ал газға тіптен 4 пайызға төмендейді. Ол туралы «Нұр Отан» партиясының қалалық кеңсесінде өткен саяси кеңесте белгілі болды.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек коммуналдық қызметтерге тариф қалыптастыру жүйесі қала тұрғындары арасындағы ең өзекті мәселелердің бірі екенін және ол билеуші партияның тұрақты бақылауында екенін атап айтты. Бүгінгі таңда 1,5 млн.-ға жуық алматылықтар коммуналдық қызметтерді жергілікті бюджет есебінен шектелген баға бойынша алуда. Коммуналдық төлемдері жалпы табысының 10%-нан асатын қала тұрғындарына тұрғын үй көмегіне қаражат бөлінуде.

«Мемлекет басшысы негізсіз тарифты жоғарылатуға жол бермеуге нұсқау берді. Ол тікелей адамдардың өмір сүру деңгейіне, кәсіпкерлерге, бағаларға, бәріне әсер етеді. Осы мақсатта қалалық прокуратурамен монополистер арасында ауқымды, жан-жақты тексеру жургізілді. Негізсіз бағаларды көтеру фактілері анықталды. Қабылданған шаралар арқасында 1,5 млн.- ға жуық азаматтардың құқықтары қорғалды, 4,7 млрд. теңгеге жуық өтемақылық тарифтер енгізілді. Коммуналдық қызмет құнын арттыру үшін ешқандай да негіз жоқ. Біздің алматылықтар артық төлем жасамауы үшін, кез-келген негізсіз әрекеттер тоқтатылады. Президенттің тапсырмасы бар және ол орындалады», - деді Бауыржан Байбек.

Тарифты қалыптастыру саласындағы жағдайды баяндау барысында, Алматы прокуроры Берік Жуйріктаев қаланың басты қадағалаушы органдар тарапынан жургізілген тексеру барысында бірқатар монополия субъектілері жөнінде шығындардың негізсіз өсуі, оның ішінде шығындардың жасанды өсуі және инвестициялық бағдарламардың орындалмауы анықталғанын айтты.

«Біз Алматыэнергосбытта электр қуатын реттеу қызметіне тарифтік сметада жарияланған сомманың 70%-, ал амортизациялық аударымдар бойынша 30% ғана жұмсалғанын дәлелдедік. Яғни, жоспарлаған 500 млн. теңгенің орнына 150 млн. теңге. Нәтижесінде үш жыл ішінде тарифқа негізсіз 1 млрд. 370 млн. теңге бөлінген. Бұл сомма 2018 жылға арналган тарифты келісу кезінде шегерілген. Энергосбыт өз кінәсін мойындап, жауапкершілікке тартылды. Өз кезегінде «Алатау Жарық Компаниясы» төтенше реттеу шараларын енгізу есебінен электр қуатын беру тарифын көтерді. Кейінірек анықталғандай, олар бұл шараны төтенше жағдай санатына жатпайтын кішігірім авариялар мен ағымдағы жөндеу керектігімен негіздеген. Біздің талаптарға сәйкес, уәкілетті орган өз шешімінің күшін жойды. Қабылданған шаралармен 2,17 млрд. теңгеге шығындарды өтеу үшін өтемдік тарифтері енгізілді. 2,83 млрд. теңгеге болашақ шығынның алды алынды. Ағымдағы тариф 5,6%-ға төмендеді», - деп хабарлады Берік Жүйрікбаев.

Қала прокурорының ақпараты бойынша, сонымен қатар КазТрансГаз Аймақ–та тексерілді. Мұнда инфестициялық бағдарламаның белгілі бір шаралары орындалмағаны белгіленді. Прокурорлық шаралардың арқасында 425 млн.теңге өтемақылық тариф енгізілді. Кәсіпорын 50 млн. теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Алматы Су» жылдан жылға өздерінің жасанды қаржылылық есептерінде техникалық шығындардың екі есе артуын көрсетеді. яғни бекітілген 17,8% орнына 35% көрсетеді, демек бұл 70 млн. текше су. Бұл Талдықорған және Қарағанды қалаларының ауыз суды тұтыну мөлшеріне сәйкес келеді. Сонымен қатар электр қуатын сатып алу шығындары есебінен де тариф көтерілген. Айырмашылық 400 млн. теңге-ні құрады. Одан бөлек АО «Алматы электр станциясы» бойынша тарифтік сметада отын шығындарына 11,3 млрд. теңге белгіленген. Іс жүзінде бар-жоғы 10,2 млрд.теңге ғана жұмсалған. Біз 110 млн. теңгеге өтемақы тарифін енгіздік», - деді ол.

Өз кезегінде монополияға қарсы өкілдердің есептертеулері бойынша, Алматы қаласының тұрғындары үшін орташа есеппен бір жылда бір бөлмелі пәтер үшін 4,2 мың теңге, екі бөлмелі пәтер үшін 6,6 мың теңге, үш бөлмелі пәтер үшін 9,6 мың теңге үнемделеді.

«Тұтынушылар бұның бәрін қазан айында өз түбіртектерінен көре алады» - деп хабарлады Казахстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу, бәсекестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті. Олардың болжамдарына сәйкес бұл шаралар келер жылы энергетика мен коммуналды шаруашылықтың негізгі түрлеріне тариф қалыптастыруда өзгерістерге жол бермейді.

Жалпы алғанда өткен жылы Алматыда 800 шақырымдық инженерлік комуникациялар салынып, кайта құрылды. Тамыз айының соңына қарай 12 шақырымдық жылу желілерін жөндеу жұмыстары, қолданыстағы газ құбырларын кеңейту және 120 мыңнан астам тұрғындарды сумен қамтамасыз ететін жаңа су желілерін салу аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары