$ 447.8  516.76  5.3

«Не пісірдің?»: Динара Сәтжан келінін асүйде сынап алды (ВИДЕО)

Кадрларда келінінің асүйде дастархан жаюға көмектесіп жүргенін көруге болады. 

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан жаңа түскен келіні Айнұрға қатысты әрекетімен желі назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кадрларда келінінің асүйде дастархан жаюға көмектесіп жүргенін көруге болады. Осы кезде асүйге кірген Динара Сәтжан одан:

«Айнұр, не істедің, не пісірдің?» – деп сұраған.

Тележүргізуші мұнымен шектелмей, аспаздан да Айнұрдың бүгін өз қолымен не дайындағанын сұраған. Кадрлардан келінінің бұл сұрақтардан қысылып, ұялғанын байқауға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0