$ 447.4  477.55  4.76

Түрік инвесторлары Алматыда $300 миллионға Downtown Almaty орталығын салады

Анкарада өткен Қазақстан–Түркия инвестициялық форумы аясында екі ел арасында инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы 24 коммерциялық келісімге қол қойылды.

Түрік капиталының қатысуымен жобалар, әсіресе, ел экономикасының шикізаттық емес секторын дамытуға бағытталды. Бұдан өзге, олар 3000-нан астам жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.

Kazakh Invest және Eksen Group қол жеткізген уағдаластықтарға сәйкес түрік инвесторлары Алматы қаласында құны $300 млн болатын жаңа Downtown Almaty қаржылық, әлеуметтік, бизнес-орталығын салуды жоспарлауда. Downtown Almaty-да бизнес орталықтар, JW Marriott қонақүйі мен апартаменттер орналастырылады.

«Бүгінде Түркия шетелдік қатысумен компаниялар саны бойынша екінші орынды иеленеді. Елімізде түрік компанияларының қатысуын кеңейту екі ел арасындағы капиталмен, үздік тәжірибемен және технологиялармен алмасуға ықпал ететін негізгі факторлардың бірі», — деп атап өтті Қазақстан–Түркия инвестициялық форумын ашқан ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Мамин.

Қазақстан мен Түркия компаниялары жалпы сомасы шамамен $1,7 млрд болатын 24 коммерциялық құжатқа қол қойды. Құжаттар түрлі инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған. 

Бүгінде Қазақстанда Yildizlar SSS Holding, DAL Holding, Zorlu Holding, Calik Holding, Oyak Holding, Enprode және т.б. секілді ірі түрік компанияларының қатысуымен жаңа ірі жобалар іске асырылып жатыр. Бұл қазақстандық экономика үшін басым салаларда жұмыс істейтін жаңа түрік ТҰК мүдделілігінің артқанын көрсетеді.

«Біз ірі түрік холдингтерінің қазақстандық нарыққа қатысуын кеңейту трендін нығайту туралы айта аламыз. Егер бұдан бұрын түрік инвесторлары келген дәстүрлі салалар қонақ үй бизнесі, шағын және орта бизнес деңгейінде құрылыс материалдарын шығару болса, енді бүгін ірі түрік компаниялары ТКМК, ауыл шаруашылығы, агрохимия, металлургия, өңдеу өнеркәсібі және т.б. жаңа салаларды ашуда», — деді «Kazakh Invest» ҰК басқарма төрағасы С. Тұяқбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары