$ 443.85  474.3  4.8

Ресей рублі тағы да құлдырады

Мәскеу қор биржасында бүгін рубльдің АҚШ доллары мен еуроға шаққандағы бағасы тағы түсті. Бірнеше минутта доллар мен еуро бағамы бірдей өсіп, бір доллар 65 рубльден, бір еуро 72 рубльден асты.

Бұған дейін соңғы рет доллар бағасы ақпан айында 65 рубльден асқан.

Биржа сарапшылары рубль бағамының түсуін әлемдік нарықта мұнай бағасының арзандауымен және Қытай Ұлттық банкінің юаньді девальвациялауымен байланыстырады.

Ал, Қытай бүгін юаньді тағы девальвациялап, әлемдік қор биржаларында кезекті дүмпу тудырды. Кеше Қытай Ұлттық банкі юаньнің АҚШ долларына шаққандағы бағамын 1,9 пайызға арзандатқан. Екінші рет жүргізілген девальвация нәтижесінде юань бағамы Қытай нарығында 3,5 пайызға, әлемдік нарықта 4,8 пайызға арзандады.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары