$ 442.05  474.14  4.74

Баспанамен қамтуда Алматы тұрғындарының үлесі 43%-ға жетті

Ұлттық банктің мәліметінше, мемлекеттік «7-20-25» бағдарламасы бойынша қарызы мақұлданған Алматы тұрғындарының үлесі 43%-ға жетті. 2018 жылдың 10 қыркүйегіне дейін бағдарлама аясында баспана алуға ипотекалық несие сұрап республика бойынша 2 555 өтініш берілген.  Олардың ішінде 1 514 өтініш мақұлданып, 18 млрд теңге көлемінде несие берілген.

Бағдарлама іске асырылған кезеңнен бастап «Алматы мен Астана халқы белсенділік танытады» деп болжанған болатын. Қазіргі таңда Алматы қаласында 186 өтініш мақұлданып, 3,5 млрд теңгеге ипотекалық несие берілген. Ал Астана қаласы бойынша 92 баспана қарызы мақұлданып 1,5 млрд теңгеге ипотекалық несие алуға рұқсат берілген.

– Тұрғындарды баспанамен қамту көлемі соңғы 10 жылда бір тұрғынға шаққанда 21,6 шаршы метрді құрады. 2020 жылға дейін бұл көрсеткішті республика бойынша әр тұрғынға 30 шаршы метрге жеткізу жоспарланып отыр. Халықтың негізгі сұранысы баспана екенін ескергендіктен, 7 пайызбен, 25 жылға иоптекаға баспана беру тиімді. Бағдарламаның негізгі мақсаты халыққа оңтайлы қызмет көрсету, – дейді Қайрат Алтынбеков.

Аталмыш ұйым басшысының мәліметінше, бағдарлама жүзеге асырылғалы оған қызығушылық артып келеді. Осыған орай «7-20-25» бағдарламасы бойынша бюджет қызметкерлері үшін бастапқы жарнаны 10 пайызға дейін төмендету жайы да қарастырылып отыр.

Осы мақсатта «Баспана» ипотекалық ұйымы бірінші болып Шымкент қаласында «Жас арман», «Қамқор баспана» пилоттық жобаларын қолға алмақ. Қазірде Шымкент қаласы әкімдігімен келісімге қол қойылып, әкімдік 2 мыңға жуық жас отбасы мен бюджет қызметкерлерінің ипотекалық несиесінің алғашқы жарнасын қаржыландыруды жоспарлап та қойған.

Бұған қоса «7-20-25» бағдарламасына штаттан тыс өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұлғаларға да қатысуға рұқсат беріледі. Тек аталған тұлғалардың зейнетақы қорына жиналған жарнасы талапқа сай және ай сайынғы кірісі тұрақты болуы тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары