Медеу ауданы әкімі Ержан Жылқыбаев аудандағы Зенкова 2А, Мақатаев көшесінің қиылысында жаңа ашылған «Рахат» АҚ-ның шағын көтерме және бөлшек сауда фирмалық дүкеніне жұмыс сапармен барды.
Белгілі болғанындай жоба құны 2,2 млрд.тенгені құраса, 15 жаңа жұмыс орны құрылды.
Қазіргі таңда «Рахат» АҚ Қазақстандағы кондитерлік өнім шығаратын ең ірі кәсіпорын, осы саладағы 37% құрайтынын аудан әкімі атап өтті.
«Рахат» АҚ-ның басқару төрағасы К.Федорец болашақта компания қай бағытта жұмыс жүргізетінін, сонымен қатар өндіріс көлемін Грузия, Польша, Қытай аумақтары нарығына шығу жоспарымен таныстырды.
Президентіміз Н.Назарбаев «Әлеуметтік саланы дамытудың 2050 жылға дейін басты бағдарлары нақты индикативті цифрларда көрсетілген. Біз ішкі жалпы өнім көлемін жан басына шаққанда 4,5 есе – 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін арттыруымыз керек. Қазақстан халық құрылымында орта тап үлесі басым елге айналады. Урбанизацияның жаһандық үрдісіне орай қалалық тұрғындар үлесі барлық халықтың қазіргі 55 пайызынан 70 пайыздай деңгейге дейін өседі. Қазақстанның қалалары мен елді мекендерін сапалы жолдар мен көліктің барлық түрінің жүрдек бағыттары байланыстырады» – деген еді.
Айта кетейік, биыл мамыр айында Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға жария түрде қол қойды.
Енгізілген өзгерістердің басты мақсаты – бизнесті реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіре түсу. Заңда мемлекеттік бақылау функцияларын шамамен 30 пайызға қысқарту көзделіп отыр. Құқық бұзушылықтың алдын алатын профилактикалық бақылау институтына баса мән берілген. Табиғи монополиялар мен квазимемлекеттік сектор тарапынан көрсетілетін қызметтер реттеледі.