$ 498.34  519.72  4.85

Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі мен экспорт көлемі артпақшы

1 қазаннан бастап «Батыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту арналған өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру» атты жаңа тұжырымдама күшіне енді.

Соған орай Оралда өткен алқалы жиында БҚО әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов бұл тұжырымдама Елбасының биылғы Жолдауы негізделіп әзірленгенін атап өтті. Ол 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы аясында жобаларды басқарудың стандарттарына сәйкес өңірлердегі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламалары туралы баяндады. Соның ішінде Ақ Жайық өңірдің ерекшелігін ескере отырып, агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағытындағы инвестициялық бағдарламалар мен кіші бағдарламаларда көзделген міндеттер мен іс-шаралардың әзірленетініне де тоқталды.

-Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы саласын цифрландыруға жете мән беру. Мақсатты индикаторлар, мерзімдер, кезеңдерден және қаржыландыруға да жете мән берілетін болады. Алға қойылған міндеттердің бірі - еңбек өнімділігі мен экспорт көлемін арттыру. Мәселен, өткен жылы өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 15,8 млн. АҚШ долларды құраса, 2022 жылы ол соманы 31,6 млн АҚШ долларына дейін жеткізу керек,-деді Игорь Стексов.

Сондай-ақ семинар-кеңесте агроөнеркәсіптік кешеніне инвестициялар тарту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын жоғарылатып, бәсекелестік қабілетін арттыру турасында да сөз болды.

Жиынға қатысқан мемлекеттік құрылым, қаржы институттарының өкілдері, шарушылық жетекшілері өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, осы бағдарламада айтылған нәтижеге қол жеткізілуі үшін алда тұрған жоспарларды талқылады.

Ернар ХАЙДА

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары