$ 448.56  478.03  4.79

Сарапшы: Назарбаев Путинмен салыстырғанда, әлдеқайда ақылға қонымды әрекет жасады

Мұнай барреліне $30-40 болуы екіталай. Десек те болжауы мүмкін емес жағдайда Қазақстан президентінің әрекеттері Владимир Путинмен салыстырғанда, әлдеқайда ақылға қонымды деп жазды Энергетикалық саясат институтының директоры Владимир МиловForbes.ru сайтында.

«Мұнай бағасының түсуіне байланысты екі көршілес елдер Ресей мен Қазақстанның басшылары қандай қадам жасағанын салыстырыңыз. Нұрсұлтан Назарбаев мұнай бағасының барреліне $30-40-қа дейін түсуі мүмкін ұзаққа созылған құлдырауына дайын болуға шақырып, шығын саясатын жан-жақты қайта қарауды бұйырды. «2018 жылға дейін түрлі шығындарға мараторий» жариялады», – деп сөзін бастады сарапшы.

«Путин болса, «экономика үшін алаңдамаңдар» деген нұсқау берді. Мұнай бағасы 2016-2017 жылдары  $60-65-ке, ал 2018 жылы $70-ке өседі деп күтіп отырған Ресей билігі мұнай барреліне $30-40 болуы екіталай деген пікірде», – дейді сарапшы.

Милов президенттің ұстанған позициясы бүгінгі таңда оңтайлы деген пікірде.

«Шикізат нарығындағы баға түбегейлі өзгеріп, өткен жылдардағы пайданы биыл армандаудың қажеті жоқ екенін ескерсек, жақсы кезеңді еш әрекетсіз күте бермей, шығын саясатын қайта қарау стратегиясы дұрыс деп санаймын. Жағдай бұған дейінгі девальвациядағыдай өз бетімен шешіле қоймайды. Бұл тұрғыдан Назарбаев дұрыс жасады», – дейді Милов.

Оның ойынша, ресейліктердің «қор жеткілікті, жақын арада экономика тұрақтанады» деген пікрі дұрыс болғанның өзінде, қол қусырып отырған жақсы емес.

«Валюталық дағдарыстан кейін олар жағдай тұрақтанып, инфляция азаяды, тұрғындардың табысы құлдырауын тоқтатады деп сенеді. Дегенмен олай бола қоймаса қайтпек? Мұнай нарығында өз болжамыңа толықтай сеніп отыра беруге болмайды. Онымен қоса, Ресейде тәуліктік мұнай шығару мөлшері тамыз айында күніне 100 000 баррельге азайды. Бұл да үлкен қиындық боларын ресейлік үкімет түсініп жатқан жоқ. Мұндай тұрақсыз жағдайда Назарбаевтай әрекет еткен дұрысырақ болар еді», – дейді сарапшы.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары