Алматыдағы бірталай автосалондар доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өзгеруіне қарай көліктерді сатуды тоқтатты.
«Біз қазір сатып жатқан жоқпыз. Сатылым тоқтатылды. Шамамен 20:00-ге дейін бағам мен жаңа бағалар белгілі болады», — дейді «Тойота центр Алматы» автосалонының call-орталығында бейсенбі күні.
Mercur Auto да дәл сондай жауап қайтарды: «Сатылым тоқтатылды. Бәлкім түстен кейін белгілі болады».
Uz-Daewoo көлігін сататын Sun Auto салоны оларда сатылым қашан жүзеге асатынын айтпады.
«Біз тек дилерміз. Әзірге басшылықтан ешқандай бұйрық келіп түспеді», — дейді сатылым бөлімінде.
Сонымен қатар «АгроМашХолдингке» де сауданы жалғастыра беру туралы бұйрық берілмеген.
«Бізде уақытша төлем қабылданбайды. Тек көліктерді броньдау ғана қарастырылған. Қазір Алматы қоймаларында тұрған көліктердің бағасы өзгеріссіз қалдырылған дейді. Бірақ бұл нақты ақпарат емес», — деп түсіндірді Hyundai Premium Almaty автосалонының сатылым бөлімінде.
Тек Lexus Almaty-да ғана сауда тоқтатылмаған.
«Бізде әу бастан көлік құны доллармен бекітілген. Сондықтан біз бағаны өзгеріссіз қалдырудамыз», – дейді автосалонның call-орталығында.
Еске салсақ, 20 тамызда Қазақстан үкіметі валюталық дәліздің алынып тасталғанын мәлімдеген болатын. Қазақстандық қор биржасының (KASE) саудадағы орташа көтерілген теңге бағамы $1-ға 255,26 теңге болып түсті.