24.08.2015, 09:06

Доллар бүгін 218,61 теңгеге дейін түсті

24.kz

Дүйсенбіде валюта биржасындағы саудада теңге нығаюын жалғастырды. Бұған шикізат нарығындағы негативті жағдайлар мен рубль құлдырайды деген жаңалықтарға қарамастан орын алып отыр деп Vlast.kz-ке сілтеме жасап 7kun.kz жазады.

Таңғы саудадағы доллардың орташа курсы 218,61 теңгені құрады деп жазылған Қазақстандық қор биржасының сайтында. Осы арқылы доллар жұмадағы таңғы саудаға қарағанда 33,86 теңгеге арзандады.

Америкалық валюта үшін берілген минималды ұсыныс- 204 теңге, максималды ұсыныс -238,80 теңге. Сауда көлемі 75 млн долларды құрады.

Өткен аптада Қазақстан үкіметі курстың еркін қалыптасуын қарайтын инфляциялық таргеттеу енгізу туралы мәлімдеді. 20 тамызда теңге долларға қатысты 188,38-ден 255,26-ға дейін арзандады. Жұмадағы таңғы саудада доллар курсы  252,47 теңге, кешкі саудада 237,66 теңге болды.