25.10.2018, 12:41

Жезқазғанда «Қазхимсинтез» зауытының құрылысы аяқталуға жақын

Жезқазған қаласы әкімі Қайрат Баяндыұлы Бегімовтің қаладағы жаңа кәсіпорындар мен құрылыс нысандарына рейдтік тексеруі жалғасуда.

2017 – 2020 жылдарға жоспарланға жалпы құны 1,2 млрд теңге болатын «Қазхимсинтез» ЖШС-і. Бұл салынып жатқан нысан реагент шығаратын химиялық зауыт. Аталған кәсіпорын «Бинестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарлама бойынша 92 млн теңге несие алған. Қосымша 268 млн. теңге көлемінде тағы несие сұрап отыр. Өнеркәсіп Қарағанды облысының координациалық кеңестің шешімімен 2015 – 2019 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасымен жүзеге асуда. Нысанның жетекшісі Бауыржан Ыбраевтың айтуынша, бүгінгі таңда құрылыстың 80 пайызы аяқталған. Алла қолдап, өңірімізге қажетті зауыт аяғынан тік тұрып кетсе 150 адамды жұмыспен қамтитын болады.

Ізтөлеу ТҮСІПОВ