$ 494.87  520.65  4.91

Жыл соңына дейін Маңғыстау облысында жолдардың басым бөлігі жөнделеді

Маңғыстау облысында 2015 жылдың соңына дейін жергілікті және республикалық маңызы бар жолдардың 80 пайыздан астамы жөндеуден өтеді. Бұл туралы бүгін Маңғыстау облысы Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары Тұрбек Спанов хабарлады.

«2-3 жыл бұрын жол желісінің көптеген бөлігі қанағаттанбайтын жағдайда болған. Сынға ұшырауы да сондықтан. Автомобиль жолдарының жөндеу мерзімдері үнемі бұзылып отырды, асфальт-бетон жамылғысы әбден тозған, күрделі және орташа жөндеу сирек өткізілді, сондықтан жыл сайынғы күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесі өте аз болды. Мысалы, «Шетпе-Бейнеу» күре жолының учаскесі болмаған деп айтуға болады, бұл басқа аймақтармен автомобиль қатынасын мүмкін емес қылдырып, аймақты республикадан шектетті», - деп хабарлады Тұрбек Спанов.

Т.Спанов тозған жолдардың нақты санын атады. Осылайша, 2012 жылғы жағдай бойынша облыстық және аудандық күре жолдарының 40 пайызының жағдайы нашар болған, ал қалған 60 пайызының жағдайы да көңіл көншітерлік емес.

2012 жылы жолдарды дамыту бюджеті 2,5 млрд. теңгені құраған. Бұл сомаға қалалық көшелерді, облыстық және аудандық күре жолдарды ұстау мен ағымдағы жөндеу жұмыстары, жобалық-сметалық құжаттарды даярлау және тұрғындардың әділ сынына ұшыраған 2-3 шақырымнан қымбат күрделі жөндеулер жүргізу кірген. 

Маңғыстау жолдары еш уақытта жақсы деген ләмге ілігіп, көңілді көншітер әңгімеге арқау болып көрген жоқ. Ауылдарға апаратын дала жолдарының жәйі өз алдына, әсіресе, жұртты қинайтыны – Атырау мен Ақтау арасындағы күре жол болатын. Жолдың жайсыздығынан көлікпен жүруді тиімсіз санайтын жолаушылар күніне неше пойыз жүрсе де тамбурға дейін тығылыса мінгесіп, көкке көтерілген сонша ұшақты билет таппай көзбен ұзатып салатын.

Құдайға шүкір, әне жөнделеді-міне жөнделеді деп талай да талай күттірген аталмыш жолдың жөнделуі қазір бітуге таяу. Бұдан бірнеше жыл бұрын пайдалануға берілген Атырау мен Бейнеу арасындағы сырғанаған жол бүгінде алтын көпірге айналған. Екі аралыққа 5-6 сағатта жеткізіп салатын таксилер жүйткіп жүр, жұлын құрттай созылған автобус­тар да қалыс қалатын емес. Осы жолмен жолаушы тасымалдап немесе сервистік қызмет көрсетумен нәпақаларын айырып жүргендер қаншама.

Сонан соң «қашан салынар екен, қашан аяқталады екен?» деген ізгу үміттерді арқалаған Бейнеу – Шетпе автокөлік жолының жаңғырту-жөндеу жұмыстары 2012 жылы бас­талды. 300 шақырымдық жолдың 200 шақырымын Азия Даму банкі қаржыландырса, қалған бөлігінің жұмыстары республикалық бюджеттен бөлінген ақшаға жүргізілуде. Аталмыш жол 1033 шақырымға созылатын Атырау – Бейнеу – Шетпе – Құрық – Жетібай – Жаңаөзен арқылы Түрікменстан шекарасына жеткізетін республикалық маңыздағы жол. Географиялық орналасуына сай қос құрлықтың арасын жалғап, сауда-саттық, барыс-келістің дәлізіне айналу мүмкіндігі мол Маңғыстауда салыну үстіндегі бұл жол өткен жылы бауырлас қос халық тілек пен білек біріктіре салтанатты жағдайда тұсауын кес­кен Өзен – Түрікменстан жаңа теміржолының, жуырда ашылған Бейнеу – Жезқазған теміржолының, сондай-ақ, солтүстік бағытта кеңей­тіліп, өткізгіштік әлеуетін арттыру арқылы Каспий теңізіндегі пози­циясын қуаттандыруға ұм­тыл­ған Ақтау халықаралық те­ңіз-сауда портындағы серпінді жұ­мыстардың жалғасы деуге болады. Әрқайсысының өзіндік құрылымы, ерекшелігі бар екені рас, әйтсе де, түпкі мақсат – тәуелсіз Қазақстанның инфрақұрылымын дамыту, көлік-логистикалық әлеуе­тін арттыру, халықаралық дәліз­дерге қосылу арқылы тасымалдық бәсекелестікке төтеп беру.

Бейнеу – Шетпе автокөлік жолын салу төрт бөлікке бөлініп жүруде. Бейнеуден Манашыға дейінгі 40 шақырымды «Атырау жолдары» серіктестігі, ал Манашыдан Сай Өтеске дейінгі 140 шақырым жолдың жұмысын түріктің «АЛСИМ-АЛАРКО» компаниясы жүргізуде. Сай Өтестен Шетпеге қарай тағы 60 шақырым жолдың жұмыстары «Нияз-Мұхаммед» серіктестігінің жауапкершілігінде болса, сол жердегі 10-шы бекеттен Шетпеге дейінгі 60 шақырым тағы «АЛСИМ-АЛАРКО»-ның құзырында.

Дені жергілікті тұрғындардан құралған жұмысшылар жерді тегістеп топырақ төсеп, одан соң малтатасты құмды қоспаны жайып, оның үстіне қиыршық тас салған соң битум бар асфальтты төсеп, дала төсінен көсілген жол салып келеді. Жолдың өн бойына отандық өнімдер, тіпті, Маңғыстаудың өнім­дері қолданылуда. Бұрын битумды Ресейден сатып алатын мәжбүрлік қазір жойылған – қиыршық тас пен малтатасты Шетпедегі карьерден, цементті Шетпеде жуырда ашылған «Каспий-цемент» зауытынан алса, битум – Ақтаудағы «Каспий-битум» зауытының өні­мі. Өнімдердің сапасы жоғары дейді мамандар. Қажетті асай-мүсейлерден тек жолға қойылатын түрлі белгілер ғана Алматыдан алынады екен. «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» дегендей, күнделікті қажетті өнімді өздері дайындап, жеткізіп отырғандықтан әрі шығыны аз, әрі тиімді. Жолға төсе­летін асфальттың ыстық болуы міндетті болғандықтан Бейнеуде, Сай Өтесте, Жармышта және 5-ші бе­кетте қос асфальт зауыты орналасқан.

– Жолдар жақсы төселіп келеді. Себебі, материалдардың сапасы жақсы әрі компаниялар бұрын бірнеше рет жолдар салып, бұл салада әбден ысылған. Жұмыстың, материалдардың сапасын Оңтүстік Корея мен қазақстандық инженерлік компаниялар, сондай-ақ, еліміздің Автомобиль жолдары комитетінің «Маңғыстау жол зертханасы» меке­месі күнделікті қадағалап отырады. Жолды жобалаушы алматылық «ҚазНИПИдортранс» және «Қаздорпроект» компаниялары да өз жобаларының ойдағыдай жүзеге асуын назардан тыс қалдырған емес, – дейді «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ Маңғыстау облыстық филиа­лы директорының орынбасары Қ.Сүйебаев.

Жолаушылар үшін асуы қиын болып келген, тіпті бірнеше рет апатты жағдайлар орын алған Маната тауын жарып, 12 метр­ге дейін төмендетіле созылады. Қ.Сүйебаевтың айтуынша, жұ­мысшылардың жатақханасы жайлы көрінеді, ал 300 шақырымдық ұзақ жолдың бойында 25-30 шақырым сайын арнайы демалыс орындары бар екен. Бұл – шайхана мен асхана салып, қонақүй қызметін көрсетіп, көлік жөндеумен айналысамын деген кәсіпкерлер үшін қолайлы болмақ.

«Нияз-Мұхаммед» ЖШС жауапкершілігіндегі жол жұ­мыстары 2015 жылдың соңына таман аяқталады деп күтілуде, ал ұзын жолдың басқа бөліктерінің жұмысы бітуге таяу, жуырда тұсауы кесіледі деген жаңалық жан жадыратты. Осылайша, Бейнеу мен Шетпе арасына бұрын 10 сағаттай селкілдеп, сілікпесі шығып әзер жететін жолаушылар енді екі жолақты жаңа жолмен жүйткіп, бұрынғыдан екі есе аз уақытта діттеген жеріне жету қуанышына ие болмақ.

Жол жұмыстары одан әрі жал­ғасын табады. Түріктің «Дженгиз-ИНШААТ» компаниясының мер­дігерлік етуімен қолға алынатын 170 шақырымдық Шетпе – Жетібай – Ақтау жолының жұ­мысы басталады. Қазіргі таңда Маңғыстау және Қарақия аудандары әкімдерімен келісім жүргізіліп, жұмыспен қамту орталықтарына қажет мамандар үшін тапсырыс­тар беріліп қойылыпты. 2,5 жылға созылатын жұмыс нәтижесінде Шетпеден Жетібайға дейін екі жолақты, Жетібайдан Ақтауға дейін төрт жолақты су жаңа жолға қол жеткіземіз. Ал келер жылы төрт жолақты Жетібай – Жаңаөзен жолын салу басталады, одан әрі екі жолақты Жаңаөзен – Түрікменстан жолының құрылысы күтіп тұр.

Республикалық маңыздағы ірі жолдар жаңғыру үстінде. Маң­ғыстау жері әрі-бері өткен жүргіншілердің өкпесін арқалаудан арылатын болады. Енді облыстық деңгейдегі жолдар мен ауданішілік, ауыларалық жолдар жаңғыруды күтеді. Бұл бағытта қолға алынып жатқандары да бар екен. Маңғыстау облысының жолау­шылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы берген мәлімет бойынша, Бейнеу ауданындағы «Сыңғырлау – Сам – Ноғайты – Тұрыш» 73 шақырымдық автомобиль жолының құрылысына республикалық бюджеттен 2014 жылға 861,1 млн.теңге қаржы бөлініп, мердігер кәсіпорын «Жігер-Ақтау» ЖШС-нің қолға алуымен жұ­мыстар басталмақ. Сондай-ақ, Ма­ңғыстау ауданындағы Шетпе – Қы­­зан автомобиль жолының 21-47 шақырым аралығын қайта жаңарту жұмыстарын «СМК-4» ЖШС 2016 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлаған. Облыстық маңыздағы Ақтау – Қаламқас, Ақтау – Құйылыс жолдарының бел­гілі бір бөліктеріне және Форт – Шевченко-43-шақырымға дейін­­­­­­гі жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатса, Таушық – Шетпе автомобиль жолдарының анықталған бөліктеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Жол бойында жұмыс та жүріп жатыр, жолаушылар да ағылып жатыр. Демек, Маңғыстау жолдары жаңаруда. Енді дала жолдары мен ауылдық жерлердің жолдары өздеріне аударылар назар мен уақытты күтуде. Бейнеуден Ақжігіт ауылына дейінгі шаңы бұрқырап, бір ойдымнан екінші ойдымы асып түскен алыс жол осыны айтады. Жол азапты болса алыс, ал осы екі ара­лық жол төсесе бір сағаттың о жақ-бұ жағында сырғанап барар жер ғана…

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Маңғыстау облысының  және қала ішілік тасымал көліктеріне спутник арқылы бақылау жүйесі енгізілді. Мұның барлығы жолаушылар тасымалының қаупісіздігі үшін жүзеге асып отыр. Қазіргі таңда аймақта 15 облыс ішілік, 13 қала ішілік және 14 аудан ішілік қоғамдық көлік бар. Өткен жылы бұл көліктермен 4 миллионнан астам жолаушы тасымалданған.

Бұдан былай қоғамдық көліктердің қозғалысы осылайша экран арқылы қадағаланып отырады. Мұндай мүмкіндікке спутниктік JPS құрылғысы арқылы қол жеткізілді. Облыс көлемінде 155 автобусқа енгізілген арнайы құрылғының, қазір берер көмегі мол. Нақтырақ айтсақ, қоғамдық көліктердің ара қашықтығы, жылдамдығы және қай бағытта келе жатқандығы бақылауда болады. Енді, әр тасымалдаушыға қойлатын талап та күшейтіледі.

«Олай дейтініміз осы компьютерден қарап отыруға болады. Автобустың қай жерде жүргенін, скорьосты қандай, арасындағы интервалл жиелігі қандай. Бір жерден орталықтандырылған жүйеге қосылған. Қазір мен мысалы көрсетуіме болады. Қай жерде, қалай бара жатқандығын», - дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Насыреддин Қожырбаев.

Қазіргі таңда өңірде жолаушылардың 80 пайызы қоғамдық көлікпен тасымалданып отыр. Бұл, аймақта әлі де болса автобустардың көбею қажеттігін меңзейді. Бұған қатысты қазір жұмысар да жүріп жатыр. Сондай-ақ, жуық арада өткен жылы қолданыстан шығып қалған 4 қоғамдық көлік қайта іске қосылды.

«Былтыр көптеген маршруттар өз қызметін маршрут иелері тиімсіздігінен, оның ішінде мына заңсыз таксилердің жұмстары бар солардың кесірінен тастап кеткендер бар. Сол тастап кеткен маршруттарды қайтадан жаңартып, қайтадан конкурсм ұйымдастырып, 2014 ж қайтадан орнына аштық. Олар жасап жатыр қазір», - облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары

Осылайша, қоғамдық көліктердің қызметі күшейе бастады. Ал, Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш автомобиль жолдарының құрылысы басталып та кетті. Яғни, барлығы 73 шақырым тас жолы төселмек. Бұл жұмыс келер жылы аяқталуы тиіс. Сол кезде ғана аталмыш ауыл тұрғындарына тиісті қоғамдық көлік қатынайтын болады. 2015-ші жылға облыс бойынша қазынадан 8 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Оның 3,6 миллионы ауыл ішілік жолдарға жұмсалмақ.

«Ақтау қаласының жаңа шағын аудандарына жөндеу жүргізіледі. Дәл осындай, жылдамдықпен Жаңаөзенде де жөндеу жұмыстары қолға алынады. Сондай-ақ, Сайын-Шапағатов, Ақшұқыр, Шайыр және Мұнайлы ауданындағы Маңғыстау-4 елді-мекенінде жол құрылысы басталады», - дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Өркен Бисақаев .

Сонымен қатар, қазір халықаралық маңыздағы Шетпе-Жетібай-Ақтау тас жолдарының құрылысы бастаталып кетті. Аталмыш тас жолдың ұзындығы 170 шақырымды құрайды. Жоспар бойынша, құрылыс жұмысы 2017 жылы аяқталуы қажет. Бұдан басқа да облыс көлемінде тас жолға қатысты жоспар көп.

«Форт-Шевченко қаласының аумағындағы тас жолда күрделі жөндек жұмыстары жалғасатын болады. Бұл 1млрд-ты құрайды. Сондай-ақ, дәл осы бағытта орташа жөндеу жұмыстары жүргізілдеі. Бұл 75шақырым мен -122шақырым жол аралығы. Сонымен қатар орташа жөндеу жұмысы Ақтаудан Таушыққа дейінгі арлақыта жүргізіледі. Шетпе –Қызан автомобиль жолын қайта қалпына келтіру жұмысы жалғасады», - дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Осындай жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі 1 жыл бұрынғымен салыстырғанда жол сапасын 10 пайызға өсіріп, 77 пайызды құрап отыр. Жүйелі және қарқынды жұмыс жалғасатын болса, жыл соңына дейін тағы 10 пайызға жол сапасын жақсарту көзделуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары