Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында БАҚ өкілдеріне бензин бағасының көтерілуіне қатысты пікірін айтты.
«Бұл экономика заңдары, оған ештеңе істей алмайсың, теңестіру қажет (жағдайды), ал біз ортақ (экономикалық) кеңістіктеміз: кеден жоқ, шекара ашық. Сондықтан шара қолданып, барлығына түсіністікпен қарауға тура келеді. Егер адам 100 мың долларға жол талғамайтын көлік сатып ала алса, онда жанармайды да дұрыс құйсын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
«АИ-92-95 бензинінің 30 пайызын біз Ресейден сатып аламыз. Егер біз олай істемегенде бізде бір айдан кейін бензин мүлде болмайтын еді», - деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, үкімет өткен аптада бензин бағасын реттеуден бас тартқан болатын. Сонымен қатар, ҚР энергетика министрі Владимир Школьник Қазақстанда АИ-92/93 маркалы бензин бағасының 140-150 теңгеге жетуі мүмкін екенін хабарлады.