Апта басынан бері доллар бағамы 10 теңгеге қымбаттады. Сарапшылар қазақстандық валютаның алдағы жағдайы туралы болжамдарымен бөлісті.
Бұл туралы LS-қа сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
«Сентрас Секьюритиз» талдау департаменті директорының орынбасары Маржан Ыбыраева валютаның сұранысы мен ұсынысына мұнай бағасы және Ресей рублі бағамының динамикасы әсер ететінін алға тартты. Қытайдың экономика мен қор нарығын қолдау үшін ұйымдастырылатын мемлекеттік шаралар туралы жаңалықтарының да әсері бар деп санайды маман.
«Ағымдағы жылдың аяғына дейін теңге бағамы сыртқы негативті факторлардың әсерінен одан әрі құлдырап, доллар құны 260-270 теңге болуы әбден мүмкін», – дейді Ыбыраева.
Ал BCC Invest сарапшылары болса, қазіргі жағдайда доллар құны 250-260-тың төңірегінде болғанын орынды деп санайды.
«Бұл деңгей қазіргі экономикалық жағдайды, мұнай бағасы мен Ресей рубілінің бағамын ескерсек, әділетті. Мұнайға төмен бағалар, рубльдің әлсіреуі, 2015 жылдың 16-17 қыркүйегінде болады деп күтілетін ФҚЖ-нің жоғары мөлшерлемелер қоюы ұлттық валюта бағамына кері әсерін тигізеді», – дейді сарапшы.
ФҚЖ-нің жоғары мөлшерлемелер қоюы және мұнай бағасының айтарлықтай төмендеуі BCC Invest сарапшыларның ойынша, әзірге бола қоймайды.
«Сәйкесінше, алдағы айларда теңге бағамының әлсіреуі бола қоймайды. Теңгеге қысым түсіруі мүмкін жалғыз фактор – Ресейдің саяси-экономикалық ахуалының нашарлауы», – деп болжамдарымен бөлісті сарапшылар.