$ 498.34  519.72  4.85

Көлтабандап суарылатын жерлер артуда

Ақ Жайық өңірінде көлтабандап суару жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүруде. Бұл мал шаруашылығын жем-шөппен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік бермекші.

БҚО әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, қазіргі уақытта Жаңақала ауданындағы жалпы суармалы жер учаскесі аумағының 16,5 мың гектарын құрайтын «Төртқұлақ – Қарасу» суару алқабындағы құрылғыларға күрделі жөндеу жүргізілуде. Аталмыш аудан өңір экономикасында, соның ішінде мал шаруашылығында елеулі орын алатынын ескерсек, бұл іс-шараның пайдасы көл-көсір болмақшы. Ал жалпы ұзындығы 180 шақырымды құрайтын «Киров – Шежін» каналы қараша айының соңына дейін іске қосылады деп жоспарлануда. Ақжайық ауданы аумағындағы «Солянка – Азынабай – Тайпақ» каналын, Ақжайық су қоймасын күрделі жөндеумен қайта қалпына келтіру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар суармалы ауданы 15 мың гектардан астам «Сакрыл» және «Мамай» суармалы жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарына жобалық-іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

- Көктемгі тасқын сумен көлтабандап суарылатын жерлер аумағын арттыру мақсатында 2015 жылдан бастап іргелі істер басталды. Сол жылы 86,3 млн. теңгеге суару аумағы 6 630 гектарды құрайтын Қалдығайты жайылмалы суару жүйесін реконструкциялау жұмыстары жүргізілді. 2016-2017 жылы суару аумағы 2 354 га құрайтын Сырым ауданындағы «Өлеңті көлтабан-жайылмалы суару жүйесін жаңғырту» жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. Былтыр Жәнібек ауданындағы Әбділман және Соркөл жайылма суару жүйелерін қалпына келтірілді. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасады,-дейді БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Есенғалиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары