11.09.2015, 08:58

Қазақстан бағалы және қара металды экспорттауға тыйым салды

ru.depositphotos.com

Инвестициялар және даму министрлігі осы жылдың соңына дейін өңделмеген бағалы және қара металдарды экспорттауға тыйым салғанын мәлімдеді. Бұл туралы lsm.kz хабарлайды.

«Қазақстан аумағынан 4 ай көлемінде  өңделмеген бағалы металдарды, металл қалдықтарын және бағалы металл  қалдықтарын шығаруға тыйым салынсын «,- делінген  министр бұйрығында.

Құжатта алтын сынықтары мен  қалдықтарына да тыйым салынғандығы жазылған.  Осыған ұқсас тот баспайтын болатты қоспағанда, қара  металл сынықтарына да шектеу қойылған. Үкім 2015 жылдың 9 қыркүйегінде күшіне енді.

Еске сала кетсек, Қазақстан қара металл сынықтарын сыртқа шығаруға 2013 жылдың желтоқсанында 2 айға тыйым салған.  Өткен жылдың маусым айында жылдың соңына дейін ұзартылған еді, кейінірек тағы да  2015 жылдың І жарты жылдығына дейін созылды.

7kun.kz