Қазақстан қор биржасында ( KASE ) таңғы сауда нәтижесінде доллар курсы 283,98 теңгені құрады. Осылайша, кешегі таңғы саудамен салыстырғанда АҚШ валютасы 7,15 теңгеге өскен.
Сауда барысында баға 292 теңгеге дейін көтерілген, деп жазады 7kun.kz. Сейсенбі күнгі саудада бағам бір доллар үшін 276,83 теңге болған еді. Сауданың жалпы көлемі 89,25 миллион долларды құрады. Ол жерде валюталық нарықтың 23 мүшесі қатысты.
Ал, жеке айырбастау бөлімшелерінде доллар құны 300 теңгеге жуықтап қалды. Сатып алу — 288 теңгеден, сату — 290 теңгеден жүзеге асырылып жатыр.