$ 494.87  520.65  4.91

Құрбан айттың алғашқы күні KASE жұмыс жасамайды

Қазақстанның қаржы нарықтары 24 қыркүйек күні Құрбан айттың алғашқы күні жұмыс істемейді. Бұл жөнінде KASE сайтында хабарланды деп жазады 7kun.kz.

«Қазақстан қор биржасы 2015 жылдың 24 қыркүйегінде демалыс күніне орай (Құрбан айттың алғашқы күні) жұмыс істемейді. KASE саудалары ол күні жүргізілмейтінін хабарлаймыз», ― делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан еңбек кодексінің 96-бабына сәйкес, Құрбан айттың алғашқы күні ғана демалыс саналады. 96-баптың 4-тармағында мұсылман күнтізбесі бойынша тойланатын Құрбан айттың алғашқы күні мен православтардың мерекесі 7 қаңтар демалыс күндері деп көрсетілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары