$ 494.87  520.65  4.91

Cарапшы: Ұлттық банк нарықтың құбылуын ретке келтіріп отыруға мәжбүр

Ұлттық банктің Қазақстан қор биржасындағы саудаға араласып, доллар бағамының қымбаттауына тосқауыл болуы мұнай бағасы барреліне $100 болмайынша, жалғаса бермек.

Мұндай болжамды «Альпари» компаниясының сараптамалық департамент директоры Александр Разуваев жасады. Бұл туралы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

«Мұнай 100-ге (барреліне 100 долларға – ред.) қайтып келмейінше, Ұлттық банк нарықтың құбылуын ретке келтіріп отыруға мәжбүр», – деп мәлімдеді Разуваев жұма күні баспасөз конференциясында.

Сарапшының ойынша, мұнай барреліне $100 көрсеткішіне алдағы жылда жетуі тиіс.

«Ұлттық банк қандай да бір мәлімдеме жасай қоюы екіталай (өктемділікке қатысты – ред). Менің ойымша, алдағы уақытта құбылмалы бағам сақталады. Қорлар жұмсалынбайды», – дейді ол.

25 қыркүйекте Қазақстан қаржыгерлер қауымдастағының басшысы доллар 255-270 теңге көрсеткішін сақтайтынын және алдағы уақытта бағамның күрт өзгеруі күтілмейтінін мәлімдеген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары