Танымал қазақстандық экономист Олжас Құдайбергенов өзінің Facebook парақшасында жемқорлықпен және оның жағымсыз салдарымен күресудің тәсілдерін ұсынды.
Сарапшының айтуынша, бүгінде халықтың шенеуніктерге көңілі толмайтыны сонша, ол туралы бірден негативті пікір қалыптасады. Сізді танитын, білетіндер ғана жақсы қарауы мүмкін. Ал, негізінен көпшіліктің көзіне нашар кейіпте көрінесіз. Шенеуніктерге қарсы пікір айтқандарды да халық жақсы көріп кетеді. Пікір айтушыдан күмәндануы да сирек.
Сонымен Олжас Құдайбергенов ұсынған жемқорлықпен күрестің үш әдісі.
«Үшінші әдісті кеңірек айтайық. Барлық жемқорларға бірден қарсы шабуыл жасай аласыз, бірақ ол кезде сіз бірден дұшпандарыңызды еселеп, жеңіліп қаласыз. Егер барлығына қарсы шықпай, көпшілік алдына бір ұйыммен қосылып отырып мәлімдеме жасасаңыз, сіз оның қолындағы құралға айналасыз. Бұл жерде сіз мынаны түсінуіңіз керек: егер жұмыс сапалы болсын десеңіз, ұжымның болуы, олардың ай сайынғы шығындарын көтеру міндетті. Егер ешқандай ұжым болмаса, сапа да болмайды. Жемқорлық — жақсы емес. Бірақ одан да жаманы — жемқорлыққа қарсы бояма күрес.
Қоғамның атынан күресу — игілікті іс. Бірақ, түбіне бойлап қарасақ, ол жердің былығы көп. Жәй ғана адамдарды пайдаланып ақша табатындар да бар. Жүргізілетін күрестің шынайы не жалған екендігін қалай ажырата аламыз? Оп-оңай!
Жұрт алдында жемқорлықпен күрес жүргіземін деген адам мынадай қадамдар жасауы керек: