$ 443.85  474.3  4.8

Азияның биржалық көрсеткіштері күрт төмендеді

Бүгін Азия нарығындағы акциялар күрт төмендеді.

Ең ірі құлдырау Токионың Nikkei биржасында байқалды. Мұнда құнды қағаздар 4,2%-ға дейін құлдырады. Гонконгтік Ханг Сенг индекстері шамамен 4 пайызға, ал құрлықтық Қытайдың ірі құнды қағаздар алаңы Шанхай Композиттің көрсеткіштері 2%-ға дейін құлады. Азия-Тынық мұхиты өңірін қамтитын биржаның да индекстері 2,8%-ға төмендеді. Азия алаңының қор нарығындағы құлдырауға АҚШ-тағы құнды қағаздардың арзандауы әсер еткен көрінеді. Себебі америкалық биржаларда кеше сауда-саттық көрсеткіштері біршама төмендеген болатын. Сарапшылардың пайымдауынша, бұған Қытайдағы өндірістік өнеркәсіптердің пайдасы жөніндегі мәліметтер ықпал еткен. Тамыз айына жасалған қорытындылар бойынша, бұл көрсеткіш жылдық есеппен алғанда шамамен 9%-ға құлдыраған.

24.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Азия #биржа