Экономика 05.10.2015 сағат 10:30

Юань долларды ығыстыруы мүмкін

Юань Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда айналымында долларды ығыстыруы мүмкін. Бұндай болжам Қазақстан қор биржасында (KASE) жасалды, деп жазады 7kun.kz.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оған дәлел — соңғы жылдары юанның әлем бойынша есептесу валютасы ретінде нығаюын айтуға болады. Сондай-ақ, Қытай юанды Халықаралық валюталық қордың резервтік валюталар қоржынына қосуды көздеп отырғаны да бар.

«Біздің ойымызша, юань Қытай мен Қазақстанның сауда айналымында есептесетін валюта ретінде долларды ығыстыруы мүмкін. Ел экономикасының дедолларизациялануына орай, қытай юанымен және қазақстандық теңгемен есептесу белең алып келеді», — дейді олар.

KASE-нің пікірінше, аталған факторлар сауда барысында юань мен теңге валюталық жұбының белсенділігі артуына әкеледі. Олардың мәліметтеріне сүйенсек, юаньмен саудаласу ашылғалы бері бір жыл өткен. Осы кезеңде бірлескен көлемі 1,39 млрд теңгені құрайтын 265 келісім жасалған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар