$ 494.87  520.65  4.91

Жалақы жұмыс нәтижесіне қарай төленеді

«Дербес және кәсіби аппарат құру» қа­ғи­дасына сәйкес, әр мемлекеттік қызметші тікелей өзіне тиісті шаруасымен айналысуы керек. 

«А» басқарушы корпусының мін­деті – саясатты жүзеге асыру болса, «Б» әкімшілік корпусы тек өзіне жүктелген функ­ционалдық қызметімен ғана айна­лы­суы тиіс. Сонда жұмыстың нақты нәтижесі болады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Берік Бекжанов осылай дейді.

- Мемлекеттік аппаратта әділ, адал, білгір, білікті қызметкерлерді қолдау және қорғау мәселелері бірінші кезекке қойылған. Бұл мемлекеттік қызмет тарапынан меритократия қағидаты негізінде барлық азаматтарға өз қабілеттерін жүзеге асыру үшін бірдей мүмкіндіктер берілетіндігін білдіреді, - деп атап өтті депатамент басшысының орынбасары.

Оның мәлімдеуінше, алдағы жылдарда мем­лекеттік қызметке түскен кезден бас­тап маманның кәсіби деңгейін, сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы тұру қабілеттілігін анық­тай­тын жаңа бағалау жүйелері енгізіледі. Бұл тестілеу және әңгімелесудің жетілді­рілген түрі ретінде өткізіледі.

- Бағалау әділ болуы үшін, алдымен бөлімнің, сосын әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмысына айлық рейтингтік көрсеткіш парақтары жаса­лады. Сол айлық көрсеткішіне қарай бұл бағытта жаңа жалақы жүйесін енгізу көз­де­леді. Жалақы төлеудің жаңа жүйесі ат­қар­-ған жұмыстың нәтижесіне қарай негізде­леді. Осылайша, дарындыларды басқару жүйесін енгізуге және дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады, - дейді Берік Айдарбекұлы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары