$ 494.87  520.65  4.91

Әлем экономикасының өсімі бәсеңдемек

Халықаралық валюта қоры әлем экономикасының өсіміне қатысты болжам көрсеткіштерін төмендетті, деп хабарлайды «Азаттық».

Аталмыш ұйым қазанның 6-сы күні жариялаған жартыжылдық есебінде биылғы өсім көлемі 3,1 пайызды, ал 2016 жылы  3,6 пайызды құрайды деп көрсетілген.

Сондай-ақ, құжатта Қытай экономикасының даму қарқынының бәсеңдеуіне байланысты дамушы елдерде өсім бесінші жыл қатарынан тежелетіні айтылған. Оған басты себептің бірі ретінде мұнай бағасының айтарлықтай төмендеген айта кеткен жөн.

Халықаралық валюта қорының мәліметтері бойынша, халықаралық санкциялар салдарынан Ресей экономикасы биыл 3,8 пайызға, ал келер жылы тағы 0,6 пайызға қысқарады. Ал мұнай баррелінің бағасы 2016 жылы 52 доллардан 55 долларға дейін өсуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары