$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда шетел валютасында ипотека берілмеуі мүмкін

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банктің департамент директоры Александр Терентьев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Ұлттық банк  «Екінші деңгейлі банктердегі тұрып қалған несиелер мен банк активтері мəселелері, ҚР Ұлттық банкі жəне қаржы ұйымдарының қызметі мен қаржылай қызмет көрсету мəселелері жөнінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы арқылы банктердің ипотеканы шет ел валютасымен беруіне тыйым салатын тетік енгізуді жоспарлап отыр.

 «Тағы бір айта кетерлік маңызды жайт, Мəжіліс мақұлдаған осы заңға біз енгізетін  өзгерістерге сəйкес, егер де жеке тұлғаның соңғы алты айдағы кірісі шетелдік валютамен төленбеген болса,  екінші деңгейлі банк оған шетел валютасында ипотекалық несие бере алмайды.  Бұл заң жобасы атап өткенімдей, Мəжілісте мақұлданды, енді қабылдануы керек. Қазіргі заңда бұл мəселе реттелмеген", - дейді А.Терентьев.

Ұлттық банктің дерегіне сүйенсек, 2015 жылдың тамызындағы жағдайға сəйкес, жеке тұлғалардың шет ел валютасында алған ипотекалық қарыздары жалпы елдегі ипотекалық несиенің 15%-ын құрайды.  «Ең қызығы, шет ел валютасымен ипотека алған азаматтардың көбі табысты теңгемен табады», - дейді А.Терентьев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары