$ 494.87  520.65  4.91

Доллар 4,5 теңгеге арзандады

Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 375,61 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Жұма күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 4,54 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 375,1 теңге, ал ең жоғарысы - 376,5 теңге болған. Сауда көлемі 68,55 млн долларды құрады. 

Жұма күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 380,15 теңгені, күндізгі сессияда 378,31 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 378,73 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 91,45 млн доллар болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары