$ 444.32  473.33  4.76

Атырау облысында 3 жыл көлемінде ауыл шаруашылығын дамытуға 22 млрд теңге бөлінген

«Аймақтағы агроөнеркәсіп кешенінде соңғы үш жылда көптеген инвестициялық жоба жүзеге асты.

Нәтижесінде бүгін облыс бойынша  жылына 10 тоннадан астам сүт, 11 тонна ет өнімін, 54 млн. дана жұмыртқа, шамамен 65 мың тонна картоп пен көкөніс шығаратын өндірістік кооперативтер жұмыс істей бастады. Соңғы 3 жылда жылыжай учаскелері 2 есеге, тамшылап суаратын ауыл шаруашылық алаңдар  3,5 есеге ұлғайды. Биыл «Первомайский» ЖШС алғаш рет 150 гектарға  арпа егіп, 250 тонна пішендеме жиды», - деді Атырау  облысының әкімі  Бақтықожа Ізмұхамбетов аймақтағы үш жыл ішіндегі жұмысын қорытындылай келе.  

Биыл жаңа жобаларды елді мекендерде жүзеге асыру жалғасуда.  Түйе және қой жүнін өңдеу бойынша тоқыма фабрикаларын, «Агро Феликс» шаруа қожалығының көкөністерді өңдеу және консервілеу цехын, «Асыл-Агро» шаруы қожалығының    7,2 мың тонна ет өңдеу бойынша цехын, 2,4 тонна  бөдене етін шығару және 2,6 млн. дана бөдене жұмыртқасын өндіру бойынша ферма салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Облыста ауыл шаруашылығын субсидиялау көлемі артып келеді. Егер 2012 жылы аймақтың агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға 360 млн. теңге бөлінсе, биыл бұл сома 3,3 есе өсіп, 1,2 млрд. теңгені құрады. 2013 жылдан ауыл шаруашылығындағы жергілікті өндірушілер  фьючерлік келісімшарттар түріндегі қолдауға ие болды», - деп ақпараттандырды Б. Ізмұхамбетов.

Атырауда облыстағы алғашқы коммуналдық базар құрылысы аяқталады. Оны ағымдағы жылдың күзінде қолданысқа беру көзделген. Базардың екі міндеті бар -  өнімді өткізуді қамтамасыз ету арқылы жергілікті ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерді қолдау және  Атырау тұрғындарын тұрақты баға бойынша өз өнімімен қамтамасыз ету.

 «Ауыл шаруашылық тауарлары бағасының ауытқуына жол бермес үшін Атырау жән Құлсары қалаларының  және аудан әкімдеріне әр апта сайын жергілікті тауар өндірушілердің өнімі сатылатын жәрмеңке өткізуді тапсырды.  Ағымдағы жылдың шілдесінен Құрманғазы және Мақат аудандарында ерте отырғызылып, өсірілген картоп пен көкөніс өнімі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде базардағы бағадан 15-20%-ға төмен бағамен сатылады», - деді әкім.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары