Қазақстанда 2015 жылдың 13 тамыздағы жағдайы бойынша 192 нысан сатылды, оның ішінде республикалық меншік бойынша - 10, коммуналдық меншік бойынша - 84, ӘКК - 56, холдингтер бойынша - 42, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі.
Осы ретте қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 2 730 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 1 273 млн. теңгеден астам, Холдингтер 60 835 млн теңге, ӘКК 2 918 млн. теңге.
Республикалық меншік бойынша барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 34 нысан жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың тамыздағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 21 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 13 тамыздағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 21 объекті шығарылды, оның ішінде 10 объекті сатылды.
Ал коммуналдық меншік бойынша барлығы 2014-2015 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 241 нысанның сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың тамыздағы кезеңінде 194 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 13 тамыздағы жағдайы бойынша 182 объекті шығарылды, соның ішінде 84 объекті сатылды.
Сондай-ақ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша бойынша 2014-2015 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 110 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың тамыздағы кезеңінде 95 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 77 объекті сатуға қойылды, 56 объекті сатылды.
Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша 2014 - 2015 жж. арналған сату Кестесі бойынша 107 объекті жекешелендіруге жатады, 13 тамыздағы жағдайы бойынша жоспарланған 79 объектінің 79 объектісі сауда-саттыққа шығарылды, оның ішінде 42 объект сатылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2014-2015 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 492 объекті жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2015 жылдың тамыздағы кезеңінде 389 объекті жекешелендіруге жатады.