Биыл «КазАгроӨнім» АҚ ірі қара малды өнеркәсіптік бордақылау инфрақұрылымын құру және экспортқа бағытталған сиыр еті өндірісінің көлемін өсіру мақсатында 3000-нан артық ірі қара мал басын бордақылау алаңдарының құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру басталды, деп хабарлайды «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінен.
Бордақылау алаңдарының құрылысы бойынша инвестициялық жобаларға техникалық тапсырманың негізгі талаптарын белгілеуі үшін және олардың қаржыландыру механизмін әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылды. Нәтижесінде өнеркәсіптік бордақылау бойынша қуаттылыққа және аймақтық ерекшелігіне байланысты шикізат пен азықтық базаларын ескере отырып, қойылған талаптарына неғұрлым сәйкес келетін 10 контрагент іріктелді:
- «Мeat Processing and Service» ЖШС (Алматы облысы);
- «Қамысты Инвест» ЖШС (Қостанай облысы);
- «АПХ» Сарыарқа» ЖШС (Қарағанды облысы);
- «ПАХАРЬ» ЖШС ШҚ (Павлодар облысы);
- «Ет-Өнімдері KZ» ЖШС (Оңтүстік Қазақстан облысы);
- «Ерейментау Құлан» ЖШС (Ақмола облысы);
- «SemBell» ЖШС (Шығыс Қазақстан облысы);
- «Ақбидай Агро» ЖШС (Қостанай облысы);
- «Мойынқұм Бордақылау» ЖШС (Жамбыл облысы);
- «Шаған Жер» ЖШС (Қызылорда облысы).
Сонымен қатар мал шаруашылығы нысандарын жобалау саласындағы мамандар, мал шаруашылығы басшылары мен ғалымдар, «KazMeat» ЖШС құрамындағы «ҚазАгроӨнім» АҚ-ның сараптау комиссиясы әр ұсынылған жобаны толық талдау бойынша жұмыстар жүргізді. Соның нәтижесінде жобаның құнына да, оның технологиялық жабдықталуына да ықпалын тигізген ұсынымдар берілді.
Ағымдағы жылдың тамыз айында «Мeat Processing and Service» ЖШС, «Қамысты Инвест» ЖШС, «Шаған Жер» ЖШС және т.б. бордақылау алаңдарының құрылысын бастау жоспарлануда.
Айта кетейік, 3 мыңнан астам ірі қара мал басын бір мезгілде күтіп-бағуымен мал бордақылау алаңдарының салынуы бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыруы облыстардағы бірінші санаттағы бордақылау алаңдарының қажеттілік деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.