$ 494.87  520.65  4.91

ОҚО-да индустрияландыру картасы аясында 7 кәсіпорын ашылмақ

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ОҚО Сайрам ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 44,6 млрд. теңгені құрап, 3,8 пайызға артқан. 

Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 226,5 мың теңгеге жетіп, тартылған инвестиция көлемі 10,6 млрд. теңгеге жеткен. Бұл туралы бүгін «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте аудан әкімі У.Қайназаров мәлімдеді.

Аудандағы өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындармен 6 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 102% құраған. Есепті кезеңде «Golden Nomad» брендімен ерлер киімін шығаратын кәсіпорында қосымша 29 жұмыс орны ашылды. Одан бөлек, «Stratus oil» ЖШС мұнай сақтау және өңдеу кешенінің бірінші кезеңін іске асырып 35 жұмыс орны ашты. Жалпы, аудан көлемінде Индустрияландыру картасына инвестиция көлемі 4 млрд 825 млн. теңгелік 8 жоба енген, оның 7 жобасы іске қосылып, өнім өндіруде.

Аудандағы 15006 шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінде 23962 адам жұмыс атқарып, ағымдағы жылдың 6 айында 24,2 млрд. теңгенің өнімін өндірді. 

Ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 9,4 млрд.теңгені құрап, былтырғы жылдың 6 айымен салыстырғанда 184,0 млн.теңгеге артып, нақты көлем индексі 102% құрады. Есепті кезеңде 48,4 мың га егістік жерлер игеріліп, жоспар 112,3% орындалған. Тамшылатып суғару әдісі 132 га ендіріліп, меже 22 пайызға орындалған. Жылыжайлар көлемі 3,2 га. артып,  жалпы көлемі 13,8 га. жеткен. 

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 6 айда 292 бас мал алынып, тапсырма 194,0% орындалған. 

Одан бөлек, ауданда сыйымдылығы 1500 басқа арналған 18 тауарлы сүт фермасы бар. 181 бірлік мал бордақылау алаңдары ашылған. Бүгінгі таңда 7380 бас сүтті бағытта, 896 бас етті бағыттағы ірі қара мал қолдан ұрықтандырылып, жылдық тапсырма 48,3 пайызға орындалды.

Құрылыс жұмыстарының 12,0 млрд. теңгені құрап, өсім 1,8 есеге артып, 9641 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1,3 есеге артқан.

Білім беру саласында 2 білім беру нысандарының құрылысына 364,2 млн. теңге қаржы қаралып, Қарабұлақ ауылындағы 900 орындық және Манкент ауылындағы 600 орындық Рашидов атындағы орта мектептерінің құрылыстары жүргізіліп, пайдалануға тапсырылды.

Бұдан бөлек, Ұлттық қордан 3 мектеп құрылыстарына барлығы 850,0 млн. теңге қаржы қаралып, қазіргі таңда 2 мектепте құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ал  аудандық бюджет есебінен 2 білім беру нысандарының құрылысына 346,2 млн. теңге қаржы қаралып, оның ішінде Машат атындағы жалпы орта мектебінің құрылысы аяқталып, ағымдағы жылдың мамыр айында пайдалануға тапсырылды, ал Тілендиев атындағы орта мектеп құрылысының мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпазы анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары